Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 02.03.2018 № 139 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Қазақ тіліндегі шешімнің атауында, мәтінінде және қосымшасында "ставкаларын", "ставкалары", "ставкаларының" сөздері "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелері", "мөлшерлемелерінің" сөздермен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 13.03.2017 № 71 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 422 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қобда ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Алынып тасталды – Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 13.03.2017 № 71 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Г.Балгарина | Л.Исмағамбетова |
Аудандық мәслихаттың 2012 ж. 25 сәуірдегі № 19 шешімінің қосымшасы |
Тіркелген салықтың біріңғай мөлшерлемелері
№ | Салық салу объектілердің атаулары | Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3 | Ойын өткізу үшін пайпайдаланатын дербес компьютерлер | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |