Қобда ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 наурыздағы № 139 шешімі. Ақтөбе облысы Қобда аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 27 наурызда № 3-7-158 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 наурыздағы № 304 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 16.03.2020 № 304 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 546 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қобда ауданында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Қобда аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 19 "Тіркелген салықтың біріңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-143 тіркелген, 2012 жылдың 24 наурызда аудандық "Қобда" газетінде жарияланған) шешімі;

      2) 2017 жылғы 13 наурыздағы № 71 "Қобда аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 19 "Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5384 тіркелген, 2017 жылдың 10 сәуірде аудандық "Қобда" газетінде жарияланған) шешімі.

      3. "Қобда аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қобда ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихатының
сессия төрағасы
Г. Балгарина
      Аудандық мәслихатының хатшысы Ж. Ерғалиев

  Қобда аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 наурыздағы № 139 шешіміне қосымша

Қобда ауданында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері


р/с

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіштермен)

1

2

3

1

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

3

7

Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады