Қобда аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 19 "Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 наурыздағы № 71 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 сәуірде № 5384 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 наурыздағы № 139 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 02.03.2018 № 139 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында, мәтіні бойынша орыс тілінде "Хобдинского", "Хобдинский" сөздері "Кобдинского", "Кобдинский" сөздерімен ауыстырылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 22.12.2017 № 129 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қобда аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 19 "Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-143 тіркелген, 2012 жылдың 24 мамырында аудандық "Қобда" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің атауындағы, мәтініндегі және қосымшасындағы "ставкаларын", "ставкалары", "ставкаларының" сөздері "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелері", "мөлшерлемелерінің" сөздерімен ауыстырылсын;

      шешімнің 2 тармағы алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы
Аудандық мәслихаттың хатшысы
      А.Борамбаев Ж.Ерғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады