Ескерту. Шешімнің тақырыбында және кіріспе бөлімінде "селосының" сөзі "ауылының" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылы әкімінің 20.10.2014 № 20 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және № 57 «Тас» разъезді халқының пікірін ескере отырып, Мұғалжар ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1.
№ 57 «Тас» разъездіндегі атаусыз көшесіне «Теміржолшылар» атауы берілсін:
2.
Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3.
Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мұғалжар селосының әкімі |
Ғ.Н. Дәрімбетов |