Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылының № 57 "Тас" разъездінің атаусыз көшесіне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Мұғалжар селосы әкімінің 2012 жылғы 14 тамыздағы № 20 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 4 қыркүйекте № 3409 тіркелді

     Ескерту. Шешімнің тақырыбында және кіріспе бөлімінде "селосының" сөзі "ауылының" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылы әкімінің 20.10.2014 № 20 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және № 57 «Тас» разъезді халқының пікірін ескере отырып, Мұғалжар ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. № 57 «Тас» разъездіндегі атаусыз көшесіне «Теміржолшылар» атауы берілсін:
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Мұғалжар селосының әкімі

Ғ.Н. Дәрімбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады