Мұғалжар ауылы әкімінің 2012 жылғы 14 тамыздағы № 20 "Мұғалжар ауданы Мұғалжар селосының № 57 "Тас" разъездінің атаусыз көшесіне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылының әкімінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 20 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 07 қарашада № 4065 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына сәйкес Мұғалжар ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мұғалжар ауылы әкімінің 2012 жылғы 14 тамыздағы № 20 «Мұғалжар ауданы Мұғалжар селосының № 57 «Тас» разъездінің атаусыз көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3409 тіркелген, 2012 жылғы 13 қыркүйегінде аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және кіріспе бөлімінде «селосының» сөзі «ауылының» сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мұғалжар ауылының әкімі Ғ.Дәрімбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады