Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 14.04.2014 № 179 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Хромтау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 7 ақпандағы № 24 «Азаматтардың әлеуметтік әлжуаз санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-146 тіркелген, 2012 жылдың 1 наурызында аудандық «Хромтау» газетінің № 10 санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 тармақтың 1) тармақшасындағы «әскер мүгедектеріне» деген сөздер «әскери борышын орындауға байланысты емес мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектікке душар болған мүгедектерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
2 тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын;
«Халықаралық балаларды қорғау күніне кәмелеттік жасқа толмаған (18 жасқа дейінгі) балаларына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларына 20 мың теңге»;
2 тармақтың 2) тармақшасындағы «5 мың теңге» деген сөздер «10 мың теңге» сөздермен ауыстырылсын;
2 тармақтың 4) және 5) тармақшалары алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
А.Бекбауов Д.Молдашев