Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 7 ақпандағы № 24 "Азаматтардың әлеуметтік әлжуаз санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 7 тамыздағы № 50 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 22 тамызда № 3-12-155 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 179 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 14.04.2014 № 179 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Хромтау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 7 ақпандағы № 24 «Азаматтардың әлеуметтік әлжуаз санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-146 тіркелген, 2012 жылдың 1 наурызында аудандық «Хромтау» газетінің № 10 санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1 тармақтың 1) тармақшасындағы «әскер мүгедектеріне» деген сөздер «әскери борышын орындауға байланысты емес мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектікке душар болған мүгедектерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2 тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын;
      «Халықаралық балаларды қорғау күніне кәмелеттік жасқа толмаған (18 жасқа дейінгі) балаларына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларына 20 мың теңге»;
      2 тармақтың 2) тармақшасындағы «5 мың теңге» деген сөздер «10 мың теңге» сөздермен ауыстырылсын;
      2 тармақтың 4) және 5) тармақшалары алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

        Аудандық мәслихат                 Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                     хатшысы

          А.Бекбауов                         Д.Молдашев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады