Азаматтардың әлеуметтік әлжуаз санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 7 ақпандағы № 24 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 28 ақпанда № 3-12-146 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 179 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 14.04.2014 № 179 шешімімен.
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджеттік Кодексінің 56 бабының 4 тармағына сәйкес және азаматтардың әлеуметтік әлжуаз санаттарын әлеуметтік қорғау мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Төмендегі мөлшерде ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) Мемлекеттік зейнетақы және жәрдемақы төлеу орталығының Хромтау аудандық бөлімшесінің ай сайынғы тізіміне сәйкес әскери борышын орындауға байланысты емес мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектікке душар болған мүгедектерге, жалпы ауруларына байланысты 1, 2, 3 топ мүгедектеріне, бала күнінен 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге және он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 3 мың теңге;
      2) «Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ай сайынғы тізіміне сәйкес үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балаларға - 1 айлық есептік көрсеткіш;
      Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2012.08.07 № 50 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      2. Мемлекеттік зейнетақы және жәрдемақы төлеу орталығының Хромтау аудандық бөлімшесінің тізіміне сәйкес мерекелік даталарға байланысты төмендегі мөлшерде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) Халықаралық балаларды қорғау күніне кәмелеттік жасқа толмаған (18 жасқа дейінгі) балаларына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларына 20 мың теңге;
      2) Халықаралық қарттар күніне Ақтөбе облысы алдындағы ерекше еңбегі үшін арнаулы жәрдемақы алушыларға, ең төменгі зейнетақыдан да төмен мөлшерде зейнетақы алушыларға - 10 мың теңге;
      3) туберкулезге қарсы мамандандырылған медициналық ұйымнан жазылып шыққан туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға емделіп шыққан соң қосымша тамақтануға табысын есепке алмағанда - он еселік айлық есептік көрсеткіш;
      4) алынып тасталды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2012.08.07 № 50 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      5) алынып тасталды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2012.08.07 № 50 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2012.08.07 № 50 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

        Аудандық мәслихат                   Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы                       хатшысы

          Юшкевич Е.П.                         Молдашев Д.Х.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады