Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 27.03.2018 № 202 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабы 1 тармағы 15 тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексін (Салық Кодексі) 422 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат
ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шалқар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 103 "Тіркелген салық ставкасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-13-96 санымен тіркелген, "Шалқар"газетінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 8 (8050) санымен жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа басылымда мазмұндалсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы | Ж. Елемес |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | С. Тулемисов |
Қосымша аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 сәуіріндегі № 23 шешіміне Аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 103 шешіміне қосымша |
Шалқар ауданы бойынша тіркелген салықтың ставкалары
р/с | Сатылатын тауарлар түрі | Бір күнге бір жолғы талон құны (теңге) |
1 | Бильярд үстелі | 5 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
Ескерту: Тіркелген салықтың базалық ставкалары мөлшері бірлік аумағында бір айлық салық салу объектісіне белгіленді.