Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 103 "Тіркелген салық ставкасын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 23 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 28 мамырда № 3-13-171 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 202 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 27.03.2018 № 202 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабы 1 тармағы 15 тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексін (Салық Кодексі) 422 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат

      ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Шалқар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 103 "Тіркелген салық ставкасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-13-96 санымен тіркелген, "Шалқар"газетінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 8 (8050) санымен жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа басылымда мазмұндалсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы Ж. Елемес
      Аудандық мәслихаттың хатшысы С. Тулемисов

  Қосымша
аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 сәуіріндегі № 23 шешіміне
Аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 103 шешіміне қосымша

Шалқар ауданы бойынша тіркелген салықтың ставкалары

р/с

Сатылатын тауарлар түрі

Бір күнге бір жолғы талон құны (теңге)

1

Бильярд үстелі

5

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

      Ескерту: Тіркелген салықтың базалық ставкалары мөлшері бірлік аумағында бір айлық салық салу объектісіне белгіленді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады