Ескелді ауданындағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 мамырдағы N 6-36 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Ескелді ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 18 маусымда 2-9-138 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2013 жылғы 17 қыркүйектегі N 25-141 шешімімен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының  17.09.2013 N 25-141 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 2314 Қаулысына және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" N 471 Бұйрығына сәйкес Ескелді ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ескелді ауданындағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Ескелді ауданы мәслихатының 2010 жылғы 30 наурыздағы "Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" N 37-224 (Алматы облыстық Әділет департаментінде 2010 жылдың 28 сәуірдегі 2-9-104 нөмірімен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2010 жылы 7 мамырда Ескелді аудандық "Жетысу Шұғыласы" газетінің 20-21 нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан мәслихатының халықты әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет саласы және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Cессия төрағасы                            Д.О. Сағатов

      Мәслихат хатшысы                           Қ. Тастанбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарлама
      бөлімінің бастығы                          Мұхаметқали Баймұратұлы Тілеуберген
      31 мамыр 2012 жыл

Ескелді ауданы мәслихатының
21 мамырдағы 2012 жылдың
"Ескелді ауданындағы аз қамтамасыз
етілген отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшерін және тәртібін айқындау
туралы" N 6-36 шешіміне
қосымша

Ескелді ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі

      Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" N 94 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қаулысына және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы N 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ереже

      1. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібінде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының,жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп –ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасы алған кірістердің жалпы сомасы;
      кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      уәкілетті орган – жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды және төлемді жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы орган;
      тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар- кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
      аз қамтамасыз отбасылар (азаматтар)- Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
      учаскелік комиссия – тұрғын үй көмегін сұраған отбасылардың (азаматтардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік – аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия.
      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары болып табылатын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға);
      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты)күтіп – ұстауға арналған шығыстарға;
      коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
      байланыс саласындағы заңнама белгіленген тәртіппен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлем ақысына ақы төлеуге беріледі.
      Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      3. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп- ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерінің, тұрғын үйді жалға алу төлемақысының өтемақы төлемдерін қамтамасыз ететін нормалар шегінде нақты ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығындарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Белгіленген нормадан артық тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған шығыстарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну төлемін азаматтар жалпы негіздер бойынша төлейді.
      Отбасының бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған шығыстарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығындардың рұқсат етілген шекті деңгейі отбасының орташа айлық табысының он пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерінің, тұрғын үйді жалға алу төлемақысының өтемақы төлемдерін қамтамасыз ететін нормалар шегінде нақты ақы төлеу шығындары жиынтық табысының 10 пайыздық үлесінен асқан жағдайда тағайындалады.
      Күтімге мұқтаж деп танылған бірінші және екінші топтағы мүгедектерге күтім жасайтын немесе үш жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеумен айналысатындарды, күндізгі бөлімде оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын, жұмыс істемейтін және жұмыссыз ретінде уәкілетті органда тіркелмеген еңбекке қабілетті тұлғалары бар аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      Егер өтініш беруші толық емес немесе шындыққа сай келмейтін мәліметтерін берген жағдайда тұрғын үй көмегіне ұсынылған құжаттар қабылданбайды.

2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі

      4. Тұрғын үй көмегі тағайындалады - Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасында тұратын және тұрып қайту рұқсаты бар азаматтығы жоқ тұлғаларға.
      5. Құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берген ай өтініш жасалған тоқсан деп саналады. Тұрғын үй көмегін құжаттарын тапсырған тоқсаннан басталады және сол тоқсанға төленеді.
      Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтерлер, тұрғын үйлер) бар немесе тұрғын жайды жалға немесе пайдалануға беруші аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі берілмейді.
      6. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) тұрғылықты жеріндегі ауылдық, кенттік учаскелік комиссияға өтініш пен төмендегі құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқығын растайтын құжаттың көшірмесі (тұрғын үй аумағының көлемі, бөлме саны көрсетілген жекешелендіру, сыйға тарту, сату-сатып алу, жалға беру келісімшарты);
      3) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы);
      4) отбасының барлық мүшелерінің табысын растайтын құжаттар (өткен тоқсанға) тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастар саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
      5) Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-үстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
      6) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары,
      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек–шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      8) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      7. Кенттік, ауылдық округтің әкімі өтініш берушілердің құжаттарын қабылдап, оларды тіркейді және құжаттар қабылданған күннен бастап он күннен кешіктірмей учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға тапсырады.
      8. Уәкілетті орган кентік, ауылдық округтің әкімдерінен қоса тіркелген құжаттармен және учаскелік комиссиялардың қорытындыларымен бірге өтініштер қабылдайды, оларды қабылдаған күннен бастап он күн ішінде қарайды және тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй көмегін берудің негізі болып табылады.
      9. Тұрғын үй көмегін алушылар он бес күн мерзімде уәкілетті органды көмек мөлшерінің өзгеруі үшін негіз болатын немесе алуға әсер ететін мән-жайлар туралы хабардар етеді. Өтініш беруші тұрғын үй көмегінің мөлшеріне немесе оны алу құқығына күман келтіретін мән-жайлар туралы хабарламағанда, қайта есептеу келесі тоқсанда жүргізіледі (анықталған уақыттан).
      Артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда – сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
      10. Кенттің әкімі, ауыл, ауылдық (селолық) округтің әкімі құжаттардың көшірмелерін тексеріп, оларды тіркеуден өткізеді және өтініш берушіге құжаттарын қабылдағаны жөніндегі растайтын құжат беріледі.
      11. Өтемақы төлемдерімен қамтамасыз етілетін тұрғын үйлер аумағының нормалары Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген отбасының әр мүшесіне тұрғын үй беру нормаларына баламалы.
      Коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің тарифтерін қызмет көрсетушілер ұсынады.
      12. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар қабылданады:
      1) газ тұтыну – бір айға бір кішкене газ баллон;
      2) электр энергиясын қолдану: 1 адамға – бір айға 45 киловатт;
      4 және одан көп адамнан тұратын отбасына – бір айға 150 киловатт.
      3) сумен қамтамасыз ету нормасын қызмет корсетушілер ұсынады;
      4) пеш жағатын тұрғын үйлерге жыл бойына 4 тонна көмір.
      13. Көмірдің құнын есептеу үшін тұрғын үй көмегін есептеген тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдай бойынша "Ескелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолдаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынған аудан бойынша орташа баға қолданылады.
      14.Тұрғын үй көмегінің төлемі көрсетілген операция түрлеріне лицензиялары бар тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган және банк филиалдары немесе басқа да ұйымдар арасында жасалған Агенттік келісімі негізінде тағайындалған соманы алушының жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады.

3. Қорытынды

      15.Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібімен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Ескельдинского района

Решение маслихата Ескельдинского района Алматинской области от 21 мая 2012 года N 6-36. Зарегистрировано Управлением юстиции Ескельдинского района Департамента юстиции Алматинской области 18 июня 2012 года N 2-9-138. Утратило силу решением маслихата Ескельдинского района Алматинской области от 17 сентября 2013 года N 25-141

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Ескельдинского района Алматинской области от 17.09.2013 N 25-141.
      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

       В соответствии с пунктом 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях" от 16 апреля 1997 года, Постановления Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года N 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам", Постановления Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года N 2314 "О утверждении Правил предоставления жилищной помощи" и Приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года N 471 "Об утверждение правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующий на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде", Ескельдинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Ескельдинского района согласно приложения.
      2. Решение Ескельдинского районного маслихата от 30 марта 2010 года "О размере и порядке оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям гражданам)" N 37-224 (зарегистрировано в департаменте Юстиции Алматинской области в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 28 апреля 2010 года за номером 2-9-104, опубликовано в номере 20-21 районной газеты "Жетысу Шұғыласы" от 7 мая 2010 года) признать утратившим силу.
      3. Контроль за исполнением данного решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по социальной защите населения, образования, здравоохранения, спорта, культуры и делам молодежи.
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Председатель сессии                        Д.О. Сагатов

      Секретарь маслихата                        К. Тастанбаев

      СОГЛАСОВАНО:

      Начальник отдела занятости
      и социальных программ                      Тлеуберген Мухаметкали Баймуратович
      31 мая 2012 года

Приложение
к решению Ескельдинского районного
маслихата от 21 мая 2012 года
N 6-36 "Об определении размера
и порядка оказания жилищной помощи
малообеспеченным семьям (гражданам)
Ескельдинского района"

Размер и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным
семьям (гражданам) Ескельдинского района

      Настоящий размер и порядок оказания жилищной помощи разработан в соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года N 94 "О жилищных отношениях", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года N 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года N 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" Приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года N 471 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующий на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частности жилищном фонде".

1. Общие положения

      1. В настоящем размере и порядке оказания жилищной помощи используются следующие основные понятия:
      доля предельно-допустимых расходов – отношение предельно-допустимого уровня расходов семьи (гражданина) в месяц на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем к совокупному доходу семьи в процентах;
      совокупный доход семьи – общая сумма доходов, полученных семьей за квартал, предшествующий кварталу обращения за назначением жилищной помощи;
      орган управления объектом кондоминиума – физическое или юридическое лицо, осуществляющее функции по содержанию объекта кондоминиума;
      уполномоченный орган – исполнительный орган города республиканского значения, столицы, района (города областного значения) финансируемый за счет средств местного бюджета, осуществляющий назначение жилищной помощи; учреждение, осуществляющее назначение и выплату жилищной помощи;
      расходы на содержание жилого дома (жилого здания)- обязательная сумма расходов собственников помещений (квартир) посредством ежемесячных взносов, установленных решением общего собрания на эксплуатацию и ремонт общего имущества объекта кондоминиума, а также взносы на накопление денег на предстоящий в будущем капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума или отдельных его видов;
      малообеспеченные семьи (граждане)-лицо, которые в соответствии с жилищным законодательством Республики Казахстан имеют право на получение жилищной помощи
      участковая комиссия – специальная комиссия, создаваемая решением Акимов соответствующих административно-территориальных единиц для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за получением жилищной помощи.
      2. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в данной местности и являющимся собственниками или нанимателями (арендаторами) жилища на оплату:
      расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям гражданам проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимся нанимателями жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      потребления коммунальных услуг;;
      услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями жилища, в порядке, установленном законодательством в области связи;
      арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.
      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.
      3. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах норм, обеспечиваемых компенсационными выплатами и предельно-допустимого уровня расходов семьи на эти цели
      Оплата расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем сверх установленной нормы производится гражданами на общих основаниях.
      Доля предельно-допустимого уровня расходов семьи в месяц на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем устанавливается к совокупному доходу семьи в размере десяти процентов.
      Жилищная помощь предоставляется в том случае, если расходы на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг, на арендную плату за пользование жилищем в пределах нормы площади жилья, обеспечиваемой компенсационными мерамы, но не более фактически занимаемой общей площади и нормативов расходов на содержание жилья и потребления коммунальных услуг, а также на услуги связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций в бюджете семьи, превышают долю предельно-допустимых расходов на эти цели.
      Жилищная помощь не назначается малообеспеченным семьям (гражданам) имеющих трудоспособных лиц, которые не работают, не учатся по дневной форме обучения, не служат в армии и не зарегистрированы в службе занятости в качестве безработных, за исключением лиц, осуществляющих уход за инвалидами первой и второй группы, или занятых воспитанием детей в возрасте до 3 лет.
      В случае предоставления заявителем не полных или не достоверных сведений документы на жилищную помощь не принимаются.

2. Размер и порядок оказания жилищной помощи

      4. Жилищная помощь назначается – гражданам Республики Казахстан, оралманам, лицам без гражданства, имеющим вид на жительство и постоянно проживающим в Республике Казахстан.
      5..Месяцем обращения считается квартал подачи заявления с прилагаемыми документами. Жилищная помощь назначается и выплачивается на квартал.
      Малообеспеченным семьям (гражданам), имеющие в частной собственности более одной единицы жилья (квартиры, дома) или сдающие жилые помещения в наем или аренду жилищная помощь не предоставляется.
      6. Для назначения жилищной помощи гражданин (семья), обращается по месту жительства в сельскую, поселковую участковую комиссию с заявлением и предоставляет следующие документы:
      1) копию документа, удостоверяющего личность заявителя;
      2) копию правоустанавливающего документа на жилище (договора приватизации, дарения, купли-продажи, аренды с сведениями размера занимаемой площади, количества комнат);
      3) копию документа, подтверждающего место жительство семьи (копию книги регистрации граждан или справка адресного бюро);
      4) документы, подтверждающие доходы всех членов семьи (за предшествующий квартал). Порядок исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующий на получение жилищной помощи, определяется уполномоченным органом в сфере жилищных отношений;
      5) счет о размере ежемесячных взносов на содержание жилого дома (жилого здания);
      6) счета на потребление коммунальных услуг, квитанцию-счет за услуги телекоммуникаций или копия договора на оказание услуг связи;
      8) счет о размере арендной платы за пользование жилищем, предъявленный местным исполнительным органом;
      Документы предоставляются в подлинниках и в копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.
      7. Аким поселкового, сельского округа принимает от заявителей документы, регистрирует и не позднее десяти дней со дня принятия документов от заявителей направляет их вместе с заключением участковой комиссии в уполномоченный орган по назначению и выплате жилищной помощи.
      8. Уполномоченный орган принимает от акимов поселкового, сельского округа заявления с прилагаемыми документами и заключениями участковых комиссий, рассматривает их в течении десяти дней со дня получения и принимает решение о назначении жилищной помощи или в отказе в ней. Основанием для предоставления жилищного пособия является решение уполномоченного органа.
      9. Получатели жилищной помощи в пятнадцатидневный срок извещают уполномоченный орган об обстоятельствах, которые могут служить основанием для изменения размера помощи или влияющих на его получение.
      В случаях, когда заявитель своевременно не известил об обстоятельствах, влияющих на размер или на право получать жилищную помощь, перерасчет производится в следующем квартале (по факту обнаружения).
      Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном порядке, а в случае отказа – в судебном порядке.
      10. Аким поселка, аула (села), аульного (сельского) округа заверяют копии документов, регистрируют их и выдают заявителю подтверждение о принятии документов.
      11. Нормы площади жилья, обеспечиваемые компенсационными выплатами, эквивалентны нормам предоставления жилья на каждого члена семьи, установленным законодательством Республики Казахстан.
      Тарифы и нормы потребления коммунальных услуг предоставляются поставщиками услуг.
      12. При назначении жилищного пособия учитываются следующие нормы:
      1) потребление газа – один маленький баллон в месяц;
      2) потребление электроэнергии: на 1-го человека – 45 киловатт в месяц; на семью из 4-х и более человек – 150 киловатт в месяц.
      3)нормы на водоснабжение предоставляются поставщиками услуг;
      4)жилые дома с печным отоплением 4 тонны угля в год.
      13. Для расчета стоимости угля используются средние цены по району, предоставляемые государственным учреждением "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Ескельдинского района" по состоянию на последний месяц квартала, предшествующего кварталу расчета жилищной помощи.
      14. Выплата жилищной помощи осуществляется путем зачисления назначенных сумм на лицевые счета получателей на основании Агентского соглашения, заключенного между уполномоченным органом по назначению и выплате жилищной помощи и филиалами банков или другими организациями, имеющими лицензию на осуществление данного вида операций.

3. Заключение

      15. Отношения, не урегулированные настоящим размером и порядком оказания жилищной помощи, регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.