РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабындағы 2 тармағының 8) тармақшасына сәйкес және «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысының негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі белгіленген тәртіппен мемлекеттік білім беру тапсырысын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар білім беру ұйымдарына орналастырсын.
3. Бекітілген білім беру тапсырысы шегінде «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысымен белгіленген квота қолданылады деп анықталсын.
4. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2011-2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 217 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу тiзiлiмiнде № 1791 болып тiркелдi, 2011 жылғы 28 шілдеде облыстық «Ақ жол» № 132-133 газетiнде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғани Қалыбайұлы Сәдібековке жүктелсін.
Облыс әкімі Қ. Бозымбаев
Жамбыл облысы әкімдігінің
2012 жылғы 26 сәуірдегі
№ 128 қаулысына қосымша
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Ескерту. қосымшаға өзгерту енгізілді - Жамбыл облысы әкімдігінің 2012.07.26 № 227 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ |
Мамандықтардың коды |
Мамандықтардың атауы |
Мемлекеттік білім беру тапсырысы |
|
барлығы |
оның ішінде қазақ тілінде оқыту |
|||
1. |
0101013 |
Мектепке дейінгі ұжымдардың тәрбиешісі |
45 |
45 |
2. |
0104000 |
Кәсіптік білім беру (салалар бойынша) |
50 |
50 |
3. |
0105013 |
Бастауыш білім беру мұғалімі |
49 |
49 |
4. |
0105023 |
Информатика пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі |
25 |
25 |
5. |
0105033 |
Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі |
25 |
25 |
6. |
0106013 |
Бейнелеу өнері және сызу пәнінің негізгі орта білім беру мұғалімі |
15 |
15 |
7. |
0108013 |
Музыка пәнінің мектепке дейінгі ұжымдардағы және негізгі орта білім беру мұғалімі |
15 |
15 |
8. |
0111013 |
Қазақ тілінен бастауыш білім беру мұғалімі |
25 |
25 |
9. |
0111063 |
Өзін -өзі тану пәнінің мұғалімі |
20 |
0 |
10. |
0301000 |
Емдеу ісі |
200 |
100 |
11. |
0302000 |
Медбикелік іс |
75 |
50 |
12. |
0402000 |
Дизайн (салалар бойынша) |
25 |
0 |
13. |
0404000 |
Аспаптық-орындау және музыкалық өнер эстрадасы (түрлері бойынша) |
44 |
44 |
14. |
0405000 |
Хор дирижері |
6 |
6 |
15. |
Алынып тасталды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2012.07.26 № 227 қаулысымен. |
|||
16. |
Алынып тасталды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2012.07.26 № 227 қаулысымен. |
|||
17. |
Алынып тасталды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2012.07.26 № 227 қаулысымен. |
|||
18. |
0413000 |
Сәнді - қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнері (бейін бойынша) |
10 |
10 |
19. |
0506000 |
Шаштараз өнері және сәндік косметика |
50 |
25 |
20. |
0508000 |
Тамақтандыруды ұйымдастыру |
243 |
163 |
21. |
0513000 |
Маркетинг |
25 |
25 |
22. |
0515000 |
Менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша) |
25 |
25 |
23. |
0518000 |
Есеп және аудит (салалар бойынша) |
124 |
99 |
24. |
0706000 |
Пайдалы қазбаларды ашық түрде қазу |
25 |
25 |
25. |
0707000 |
Тау кен электромеханикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу |
45 |
45 |
26. |
Алынып тасталды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2012.07.26 № 227 қаулысымен. |
|||
27. |
0711000 |
Маркшейдерлік іс |
25 |
25 |
28. |
0713000 |
Геодезия және картография |
19 |
0 |
29. |
0809000 |
Мұнай және газ кен орындарын пайдалану (бейін бойынша) |
70 |
70 |
30. |
0816000 |
Химиялық технология және өндіріс (түрлері бойынша) |
45 |
45 |
31. |
0819000 |
Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы |
25 |
25 |
32. |
0901000 |
Электростанциялардың электржабдықтары, кіші станциялар және желілер |
25 |
25 |
33. |
0902000 |
Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша) |
65 |
65 |
34. |
0911000 |
Электромеханикалық құралдарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу электр (түрлері бойынша) |
75 |
50 |
35. |
1006000 |
Металл өңдеу (түрлері бойынша) |
23 |
0 |
36. |
1013000 |
Механоөңдеу, өлшеуіш-бақылау приборлары және машина жасау автоматикасы |
65 |
40 |
37. |
1108000 |
Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша) |
110 |
110 |
38. |
1109000 |
Токарлық іс және металл өңдеу (түрлері бойынша) |
25 |
0 |
39. |
1112000 |
Өнеркәсіп машиналары және жабдықтарын пайдалану |
25 |
25 |
40. |
1114000 |
Пісіру ісі (түрлері бойынша) |
393 |
323 |
41. |
1115000 |
Өндірістердегі электромеханикалық жабдықтар (түрлер бойынша) |
78 |
25 |
42. |
1201000 |
Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету |
185 |
160 |
43. |
1203000 |
Теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және басқару |
30 |
30 |
44. |
1211000 |
Тігін өндірісі және киімдерді моделдеу |
218 |
155 |
45. |
1303000 |
Теміржол қозғалысында автоматика, телемеханиканы басқару |
30 |
0 |
46. |
1304000 |
Электрондық есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру (түрлері бойынша) |
446 |
300 |
47. |
1305000 |
Ақпараттық жүйелер (қолдану саласы бойынша) |
45 |
45 |
48. |
1401000 |
Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану |
143 |
50 |
49. |
1405000 |
Газбен қамтамасыз ету жүйесі мен жабдықтарды монтаждау және пайдалану |
20 |
20 |
50. |
1410000 |
Автомобиль жолдары мен аэродромдарды салу және пайдалану |
25 |
25 |
51. |
1414000 |
Жихаз өндірісі (түрлері бойынша) |
80 |
25 |
52. |
1502000 |
Агрономия |
68 |
68 |
53. |
1504000 |
Ферма шаруашылығы (бейіндері бойынша) |
370 |
320 |
54. |
1510000 |
Ауылшаруашылығын механикаландыру |
25 |
25 |
55 |
Алынып тасталды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2012.07.26 № 227 қаулысымен. |
|||
56. |
1512000 |
Зоотехника |
15 |
15 |
57. |
1513000 |
Ветеринария |
295 |
295 |
Жиынтығы: |
4229 |
3227 |