Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңартылған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 128 Қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 15 мамырда № 1809 тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабындағы 2 тармағының 8) тармақшасына сәйкес және «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысының негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі белгіленген тәртіппен мемлекеттік білім беру тапсырысын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар білім беру ұйымдарына орналастырсын.
      3. Бекітілген білім беру тапсырысы шегінде «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысымен белгіленген квота қолданылады деп анықталсын.
      4. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2011-2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 217 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу тiзiлiмiнде № 1791 болып тiркелдi, 2011 жылғы 28 шілдеде облыстық «Ақ жол» № 132-133 газетiнде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғани Қалыбайұлы Сәдібековке жүктелсін.
      
      Облыс әкімі                                Қ. Бозымбаев

Жамбыл облысы әкімдігінің
2012 жылғы 26 сәуірдегі
№ 128 қаулысына қосымша

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

      Ескерту. қосымшаға өзгерту енгізілді - Жамбыл облысы әкімдігінің 2012.07.26 № 227 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Мамандықтардың коды

Мамандықтардың атауы

Мемлекеттік білім беру тапсырысы

барлығы

оның ішінде қазақ тілінде оқыту

1.

0101013

Мектепке дейінгі ұжымдардың тәрбиешісі

45

45

2.

0104000

Кәсіптік білім беру (салалар бойынша)

50

50

3.

0105013

Бастауыш білім беру мұғалімі

49

49

4.

0105023

Информатика пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі

25

25

5.

0105033

Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі

25

25

6.

0106013

Бейнелеу өнері және сызу пәнінің негізгі орта білім беру мұғалімі

15

15

7.

0108013

Музыка пәнінің мектепке дейінгі ұжымдардағы және негізгі орта білім беру мұғалімі

15

15

8.

0111013

Қазақ тілінен бастауыш білім беру мұғалімі

25

25

9.

0111063

Өзін -өзі тану пәнінің мұғалімі

20

0

10.

0301000

Емдеу ісі

200

100

11.

0302000

Медбикелік іс

75

50

12.

0402000

Дизайн (салалар бойынша)

25

0

13.

0404000

Аспаптық-орындау және музыкалық өнер эстрадасы (түрлері бойынша)

44

44

14.

0405000

Хор дирижері

6

6

15.

Алынып тасталды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2012.07.26 № 227 қаулысымен.

16.

Алынып тасталды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2012.07.26 № 227 қаулысымен.

17.

Алынып тасталды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2012.07.26 № 227 қаулысымен.

18.

0413000

Сәнді - қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнері (бейін бойынша)

10

10

19.

0506000

Шаштараз өнері және сәндік косметика

50

25

20.

0508000

Тамақтандыруды ұйымдастыру

243

163

21.

0513000

Маркетинг

25

25

22.

0515000

Менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша)

25

25

23.

0518000

Есеп және аудит (салалар бойынша)

124

99

24.

0706000

Пайдалы қазбаларды ашық түрде қазу

25

25

25.

0707000

Тау кен электромеханикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу

45

45

26.

Алынып тасталды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2012.07.26 № 227 қаулысымен.

27.

0711000

Маркшейдерлік іс

25

25

28.

0713000

Геодезия және картография

19

0

29.

0809000

Мұнай және газ кен орындарын пайдалану (бейін бойынша)

70

70

30.

0816000

Химиялық технология және өндіріс (түрлері бойынша)

45

45

31.

0819000

Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы

25

25

32.

0901000

Электростанциялардың электржабдықтары, кіші станциялар және желілер

25

25

33.

0902000

Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)

65

65

34.

0911000

Электромеханикалық құралдарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу электр (түрлері бойынша)

75

50

35.

1006000

Металл өңдеу (түрлері бойынша)

23

0

36.

1013000

Механоөңдеу, өлшеуіш-бақылау приборлары және машина жасау автоматикасы

65

40

37.

1108000

Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)

110

110

38.

1109000

Токарлық іс және металл өңдеу (түрлері бойынша)

25

0

39.

1112000

Өнеркәсіп машиналары және жабдықтарын пайдалану

25

25

40.

1114000

Пісіру ісі (түрлері бойынша)

393

323

41.

1115000

Өндірістердегі электромеханикалық жабдықтар (түрлер бойынша)

78

25

42.

1201000

Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету

185

160

43.

1203000

Теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және басқару

30

30

44.

1211000

Тігін өндірісі және киімдерді моделдеу

218

155

45.

1303000

Теміржол қозғалысында автоматика, телемеханиканы басқару

30

0

46.

1304000

Электрондық есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру (түрлері бойынша)

446

300

47.

1305000

Ақпараттық жүйелер (қолдану саласы бойынша)

45

45

48.

1401000

Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану

143

50

49.

1405000

Газбен қамтамасыз ету жүйесі мен жабдықтарды монтаждау және пайдалану

20

20

50.

1410000

Автомобиль жолдары мен аэродромдарды салу және пайдалану

25

25

51.

1414000

Жихаз өндірісі (түрлері бойынша)

80

25

52.

1502000

Агрономия

68

68

53.

1504000

Ферма шаруашылығы (бейіндері бойынша)

370

320

54.

1510000

Ауылшаруашылығын механикаландыру

25

25

55

Алынып тасталды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2012.07.26 № 227 қаулысымен.

56.

1512000

Зоотехника

15

15

57.

1513000

Ветеринария

295

295

Жиынтығы:

4229

3227

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады