"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 128 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы 26 шілдедегі № 227 Қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 7 тамызда № 1817 тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына және «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 128 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізімінде № 1809 болып тіркелген, 2012 жылдың 19 мамырында облыстық «Ақ жол» № 56-57(17573-17574), «Знамя труда» № 55(17615) газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген 15, 16, 17, 26, 55 жолдары алынып тасталсын;
      3 жолында «барлығы» деген бағанадағыда «25» деген сан «49» деген санмен ауыстырылсын, «оның ішінде қазақ тілінде оқыту» деген бағанадағы «25» деген сан «49» деген санмен ауыстырылсын;
      57 жолдағы «барлығы» деген бағанадағы «170» деген сан «295» деген санмен ауыстырылсын, «оның ішінде қазақ тілінде оқыту» деген бағанадағы «170» деген сан «295» деген санмен ауыстырылсын;
      «Жиынтығы» деген жолдағы «барлығы» деген бағанадағы «4160» деген сан «4229» деген санмен ауыстырылсын, «оның ішінде қазақ тілінде оқыту» деген бағанадағы «3158» деген сан «3227» деген санмен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғани Қалыбайұлы Сәдібековке жүктелсін.
      
      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы                          К. Көкрекбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады