Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 18.10.2023 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, Сарысу ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жұмыс орындарының жалпы санының бiр процентi мөлшерiнде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшiн, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшiн және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарына квота белгiленсiн.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Сарысу ауданы әкімдігінің 27.08.2013 № 292 қаулысымен (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).2. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б. Боранбаевқа жүктелсiн.
Аудан әкімі | Ж. Омаров |