РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, Сарысу ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2012 жылғы 27 наурыздағы «Квота белгiлеу туралы» Сарысу ауданы әкімдігінің № 44 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-9-134 болып тіркелген, 2012 жылғы 21 сәуірдегі № 35-36 аудандық «Сарысу» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1. «Жұмыс орындарының жалпы санының бiр процентi мөлшерiнде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшiн, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшiн және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарына квота белгiленсiн».
2. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Аукенов Қайрат Қостанайұлына жүктелсiн.
Аудан әкімі Қ. Мәдібек