Сарысу ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 18 қазандағы № 197 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 19 қазанда № 5098 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Сарысу ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сарысу ауданы әкімдігінің келесідей қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) Сарысу ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 23 ақпандағы №37 "Нысаналы топтарға қосымша адамдарды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 89 болып тіркелген) қаулысы;

      2) Сарысу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 наурыздағы №44 "Квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-9-134 болып тіркелген) қаулысы.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекішілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарысу ауданының әкімі С. Мамытов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады