Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 03.04.2014 № 15/04 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына, "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29 бабына және "Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы N 1116 Қаулысына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қарағанды облысы аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу" электрондық мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ж.О. Жылбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Ә. Құсайынов
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрі
А. Жұмағалиев
Қарағанды облысы әкімдігінің
2012 жылғы 28 желтоқсандағы
N 66/23 қаулысымен
бекітілді
"Қарағанды облысы аумағында таратылатын
шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу"
электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
1. Негізгі ережелер
1. "Қарағанды облысы аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу" электрондық мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - электрондық мемлекеттік қызмет) мемлекеттік мекеме – "Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - қызмет беруші) баламасыз негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Орталық) және мемлекеттік қызметті тұтынушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда "электронды үкіметтің" www.e.gov.kz веб-порталы арқылы көрсетеді.
2. Электрондық мемлекеттік қызмет "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы" (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2315 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы N 1278 қаулысымен бекітілген "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу" мемлекеттiк қызмет стандарты негізінде көрсетіледі.
3. Электрондық мемлекеттік қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған (медиа – алшақтықты қамтиды).
4. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету түрі: транзакциялық.
5. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартулар:
1) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) - жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түрінде өзінің қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
2) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) - бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға (филиал және өкілдік) және жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
3) транзакциялық қызмет - электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданумен өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет;
4) "электрондық үкiметтiң" веб -порталы (бұдан әрi - ЭҮП) - нормативтiк құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкiметтiк ақпаратқа және электрондық мемлекеттiк қызметтерге қолжетiмдiлiктiң бiрыңғай терезесiн бiлдiретiн ақпараттық жүйе;
5) "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) – электрондық қызметті іске асыру шеңберінде "электрондық үкімет" ақпараттық жүйелерін интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе;
6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнның тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы;
7) электрондық құжат - ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
8) электрондық мемлекеттік қызмет - ақпараттық технологияларды пайдаланумен электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
9) ақпараттық жүйе (бұдан әрі - АЖ) - аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беруге арналған жүйе;
10) "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) – ақпараттарды автоматты жинауға, сақтауға және өңдеуге, Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың бірыңғай сәйкестендіргішін енгізу мақсатында жеке сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізілімін құру және Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес және құзыреті аясында мемлекеттік басқару органдарына және басқа да субъектілерге олар туралы өзекті және нақты ақпарат ұсынуға арналған ақпараттық жүйе;
11) "Заңды тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі – ЗТ МДҚ) – ақпараттарды автоматты жинауға, сақтауға және өңдеуге, Қазақстан Республикасында заңды тұлғалардың бірыңғай сәйкестендіргішін енгізу мақсатында бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізілімін құруға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және құзыреті аясында мемлекеттік басқару органдарына және басқа да субъектілерге олар туралы өзекті және нақты ақпарат ұсынуға арналған ақпараттық жүйе;
12) пайдаланушы (тұтынушы) – оған қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект;
13) "электрондық үкімет" өңірлік шлюзы (бұдан әрі - ЭҮӨШ) – электронды қызметті жүзеге асыру шеңберінде "электронды үкімет" ақпараттық жүйесін интеграциялауға арналған "электронды үкімет" шлюзының қосалқы жүйесі;
14) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) мемлекеттік органдардың, мекемелер немесе басқа да ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің тізімі және қызмет көрсету үдерісіне қатысатын ақпараттық жүйе;
15) Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚО АЖ) – Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ тиісті министрліктер және ведомстволар арқылы халыққа (заңды және жеке тұлғаға) қызмет көрсету үдерісін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;
16) БНАЖ – Бірыңғай нотариалды ақпараттық жүйе.
2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету жөнінде
қызмет беруші әрекетінің тәртібі
6. ЭҮП арқылы ішінара автоматтандырылған электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі қызмет берушінің қадамдық іс-қимылдары мен шешімдері осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген:
1) тұтынушы ЖСН/БСН және парольдің көмегімен ЭҮП-қа тіркелуді іске асырады (ЭҮП-да тіркелмеген тұтынушылар үшін іске асырылады);
2) 1-үдеріс – қызмет алу үшін тұтынушының ЭҮП-қа ЖСН/БСН және парольді енгізуі (авторландыру үдерісі);
3) 1-шарт - ЖСН/БСН және пароль арқылы ЭҮП-да тіркелген тұтынушы туралы деректердің дәйектілігін тексеру;
4) 2-үдеріс – тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты ЭҮП-дың авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
5) 3-үдеріс – осы Регламентте көрсетілген қызметті тұтынушының таңдауы, қызмет көрсету үшін сұраным нысаны экранға шығарылады және тұтынушы нысанды оның құрылымдық және пішіндік талаптарын ескере отырып толтырады (мәлімет енгізеді), сұраным нысанына Стандарттың 11-тармағында көрсетілген электронды түрдегі қажетті құжаттардың көшірмелерін тіркеп қою, сондай-ақ сұранымды куәландыру (қол қою) үшін тұтынушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдап алуы;
6) 2-шарт - ЭҮП-да ЭЦҚ тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімін және тіркеу куәліктері кері қайтарылғандар (жойылғандар) тізімінде жоқтығын, сондай-ақ, сәйкестендіру деректерінің (сұранымда көрсетілген ЖСН/БСН және тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкестігін тексеру;
7) 4-үдеріс – тұтынушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұраған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 5-үдеріс – қызмет көрсету үшін тұтынушының ЭЦҚ арқылы сұранымды куәландыру және электронды құжатты (сұранымды) қызмет беруші өңдеу үшін ЭҮШ/ЭҮӨШ арқылы ЭҮӨШ АРМ-ға жіберу;
9) 6-үдеріс – электронды құжатты ЭҮӨШ АРМ-ға тіркеу;
10) 3-шарт - қызмет берушінің тұтынушы қоса тіркеген Стандартта көрсетілген құжаттардың сәйкестігін және қызмет көрсетуге негіздеме болатынын тексеруі (өңдеуі);
11) 7-үдеріс – тұтынушының құжаттарында бұзушылықтар болуына байланысты сұратқан қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8-үдеріс – тұтынушының ЭҮП-пен қалыптастырылған қызмет қорытындысын (электронды құжат нысанындағы анықтама) алуы. Электронды құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қолдану арқылы құрылады.
7. Орталықтың АЖ арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы қызмет берушінің қадамдық іс-қимылдары мен шешімдері осы Регламенттің 3-қосымшасында берілген:
1) 1-үдеріс – Орталық операторының қызмет көрсету үшін ХҚО АЖ АЖО-ге логин мен парольді енгізуі (авторландыру үдерісі);
2) 2-үдеріс – Орталық операторының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдап алуы, қызмет көрсету үшін экранға сұрату нысанын шығаруы және Орталық операторының тұтынушының мәліметтерін, сондай-ақ тұтынушының сенімхат бойынша өкілінің мәліметтерін енгізуі (нотариалды куәландырылған сенімхат болған кезде, сенімхат басқаша куәландырылған жағдайда ол сенімхат толтырылмайды);
3) 3-үдеріс – ЭҮШ арқылы тұтынушы мәліметтері туралы сұранымды ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-ға, сондай-ақ БНАЖ-ға – тұтынушы өкілінің сенімхаты мәліметтері туралы жіберу;
4) 1-шарт - ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да тұтынушы мәліметтерінің, БНАЖ-да сенімхат мәліметтерінің бар болуын тексеру;
5) 4-үдеріс – тұтынушы мәліметтерінің ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да, сенімхат мәліметтерінің БНАЖ-да болмауына байланысты мәліметтерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарлама қалыптастыру;
6) 5-үдеріс – Орталық операторының сұраным нысанының қағаз нұсқасындағы құжаттардың бар болуы туралы белгілеу бөлігін толтыруы және тұтынушы берген құжаттарды сканерлеп, оларды сұраным нысанына қыстыру және қызмет көрсетуге сұранымның толтырылған нысанын (енгізілген мәліметтерді) ЭЦҚ арқылы куәландыру;
7) 6-үдеріс – Орталық операторының ЭЦҚ-мен расталған (қолы қойылған) электрондық құжатты (тұтынушының сұранымын) ЭҮАШ/ЭҮШ арқылы ЭҮӨШ АЖО-ге жіберу;
8) 7-үдеріс – электронды құжатты ЭҮӨШ АЖО-ге тіркеу;
9) 2-шарт – қызмет берушінің тұтынушы қоса тіркеген Стандартта көрсетілген құжаттардың сәйкестігін және қызмет көрсетуге негіздеме болатынын тексеруі (өңдеуі);
10) 8-үдеріс – тұтынушының құжаттарында бұзушылықтар болуына байланысты сұратқан қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
11) тұтынушының Орталық операторы арқылы қызмет қорытындысын (анықтама) алуы.
8. Осы Регламенттің 4-қосымшасында тұтынушыға көрсетілетін электронды мемлекеттік қызметке өтініштің экрандық нұсқасы берілген. Электронды мемлекеттік қызметті ЭҮП арқылы алған жағдайда электронды мемлекеттік қызметке сұранымның экрандық нұсқасы www.egov.kz "электронды үкімет" веб-порталында берілген.
9. Тұтынушының электрондық мемлекеттік қызмет бойынша сұранымның орындалу мәртебесін тексеру тәсілі: "электрондық үкімет" порталының "Қызметті алу тарихы" бөлімінде, сондай-ақ қызмет берушіге жүгіну кезінде.
10. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде қажетті ақпаратты және консультацияны колл-орталықтың 1414 телефоны бойынша алуға болады.
3. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
11. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық–функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ):
1) қызмет беруші;
2) Орталық операторы;
3) ЭҮП;
4) ЭҮШ;
5) ЭҮӨШ;
6) ЭҮӨШ АЖО;
7) ХҚО АЖ;
8) ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ;
9) БНАЖ.
12. Іс-қимыл (рәсімдер, функциялар, операциялар) дәйектілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы әр іс-қимылдың орындалу мерзімі көрсетіле отырып, осы регламенттің 1-қосымшасында берілген.
13. Іс-қимылдың (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінде) қисынды дәйектілігі мен оның сипаттамасы арасындағы сәйкестікті көрсететін өзара байланыс диаграммасы осы Регламенттің 2, 3-қосымшаларында келтірілген;
14. Регламенттің 5-қосымшасында экрандық нұсқалары келтірілген, соларға сәйкес электрондық мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі берілуі тиіс, 6-қосымшада – форматтық-логикалық бақылау ережесі.
15. Электронды мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін тұтынушылар осы регламенттің 7-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшейді.
16. Тұтынушыларға қызмет көрсету үрдісіне қойылатын талаптар:
1) құпиялылық (рұқсат етілмеген іс-қимылдармен ақпараттарды алудан қорғау);
2) тұтастық (рұқсат етілмеген іс-қимылдармен ақпараттардың өзгеруінен қорғау);
3) қолжетімділік (рұқсат етілмеген іс-қимылдармен ақпараттар мен қорларды ұстаудан қорғау).
17. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге техникалық шарттары:
1) ғаламторға шығу;
2) қызмет көрсетілетін тұлғада ЖСН/БСН бар болуы;
3) ЭҮП-те авторлану;
4) тұтынушының ЭЦҚ бар болуы.
"Қарағанды облысы аумағында
таратылатын шетелдік мерзімді
баспасөз басылымдарын есепке алу"
электрондық мемлекеттік
қызмет Регламентіне
1-қосымша
Әрбір іс-қимылдың орындалу мерзімін көрсете отырып,
іс-қимылдың (рәсімдер, функциялар, операциялар)
жалғаспалығын мәтіндік кестелік сипаттау
1-Кесте. ЭҮП арқылы іс-қимылды сипаттау
1 |
Іс-қимылдың (барысы, жұмыс ағыны) N |
1 |
2 |
3 |
4 |
2 |
ҚФБ атауы |
Тұтынушы |
ЭҮП |
Тұтынушы |
ЭҮП |
3 |
Іс-қимылдың (үдерiстiң, операцияның, рәсiмнiң) атауы және олардың сипаттамасы |
ЖСН және пароль бойынша ЭҮП-да авторланады |
тұтынушы мәліметтерінің бұрмаланғандығына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады |
қызметті таңдайды және ЭЦҚ тұтынушыны таңдаумен сұранымның мәліметтерін қалыптастырады; |
ЭЦҚ тұтынушы мәліметтерінің бұрмаланғандығына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады |
4 |
Аяқтау пішіні (ұйымдастыру- өкімдік құжат шешімдердің мәліметтері) |
Сұранымды сәтті қалыптастырғаны туралы хабарландыруды бейнелеу |
Сұраған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру |
Сұранымды бағыттау |
Сұраған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны |
5 |
Орындалу мерзімі |
30 сек – 1 минут |
30 секунд |
1,5 мин |
1,5 мин |
6 |
Келесі іс-қимылдың нөмірі |
2 - тұтынушы мәліметтерінде бұрмалаушылық болған жағдайда; |
– |
4 - тұтынушы мәліметтерінде бұрмалаушылық болған жағдайда; |
– |
кестенің жалғасы
1 |
Іс-қимылдың (барысы, жұмыс ағыны) N |
5 |
6 |
7 |
8 |
2 |
ҚФБ атауы |
Тұтынушы |
ЭҮӨШ АЖО |
ЭҮӨШ АЖО |
ЭҮӨШ АЖО |
3 |
Іс-қимылдың (үдерiстiң, операцияның, рәсiмнiң) атауы және олардың сипаттамасы |
Тұтынушының ЭЦҚ арқылы сұранымды растау (қол қою) және ЭҮӨШ АЖО-ге жіберу |
Құжатты тіркеу |
тұтынушы мәліметтерінің бұрмаланғандығына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру; |
Тұтынушының қызмет нәтижесін алуы |
4 |
Аяқтау пішіні (ұйымдастыру-өкімдік құжат шешімдердің мәліметтері) |
Сұранымды бағыттау |
Өтінішке нөмір бере отырып сұранымды тіркеу |
Дәлелденген бас тартуды қалыптастыру |
Шығыс құжатын бейнелеу |
5 |
Орындалу мерзімі |
30 сек – 1 минут |
1 минут |
30 секунд |
10 жұмыс күні |
6 |
Келесі іс-қимылдың нөмірі |
- |
7 - тұтынушы мәліметтерінде бұрмалаушылық болған жағдайда; |
- |
– |
2-Кесте. ХҚО арқылы іс-қимылды сипаттау
1 |
Іс-қимылдың (барысы, жұмыс ағыны) N |
1 |
2 |
3 |
4 |
2 |
ҚФБ атауы |
ХҚО АЖ АЖО |
Орталық операторы |
Орталық операторы |
ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ, БНАЖ |
3 |
Іс-қимылдың (үдерiстiң, операцияның, рәсiмнiң) атауы және олардың сипаттамасы |
Орталық операторы логин және пароль бойынша авторлайды |
Қызметті таңдайды және сұранымның мәліметтерін қалыптастырады |
Сұранымды ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ, БНАЖ-ге жіберу |
Тұтынушы мәліметтерінің болмауына байланысты мәліметтерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарлама қалыптастырады |
4 |
Аяқтау пішіні (ұйымдастыру-өкімдік құжат шешімдердің мәліметтері) |
Өтінішке нөмір бере отырып жүйеде сұранымды тіркеу |
Сұранымды сәтті қалыптастырғаны туралы ескертуді бейнелеу |
Сұранымды бағыттау |
Дәлелденген бас тартуды қалыптастыру |
5 |
Орындалу мерзімі |
30 сек – 1 мин |
30 сек |
1,5 мин |
1,5 мин |
6 |
Келесі іс-қимылдың нөмірі |
2 |
3 |
4 - тұтынушы мәліметтерінде бұрмалаушылық болған жағдайда; |
- |
кестенің жалғасы
1 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
2 |
Орталық операторы |
Орталық операторы |
ЭҮӨШ АЖО |
ЭҮӨШ АЖО |
ЭҮӨШ АЖО |
3 |
Сұраным нысанына қажетті құжаттарды тіркей отырып сұранымды толтыру және ЭЦҚ растау |
ЭЦҚ-мен расталған (қол қойылған) құжатты ЭҮӨШ АЖО-ге жіберу |
Құжатты тіркеу |
Тұтынушы құжаттарында бұзушылықтар болуына байланысты сұралған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру |
Тұтынушының қызмет нәтижесін алуы |
4 |
Сұранымды сәтті қалыптастырғаны туралы ескертуді бейнелеу |
Сұранымды бағыттау |
Өтінішке нөмір бере отырып сұранымды тіркеу |
Дәлелденген бас тартуды қалыптастыру |
Қызмет нәтижесін-анықтаманы қалыптастыру |
5 |
30 сек – 1 мин |
1 минут |
1 минут |
30 сек – 1 минут |
10 жұмыс күн |
6 |
- |
- |
8 - егер бұзушылықтар болса, |
- |
- |
"Қарағанды облысы аумағында
таратылатын шетелдік мерзімді
баспасөз басылымдарын есепке алу"
электрондық мемлекеттік
қызмет Регламентіне
2-қосымша
ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету
кезінде функционалдық іс-қимылының N 1 диаграммасы
"Қарағанды облысы аумағында
таратылатын шетелдік мерзімді
баспасөз басылымдарын есепке алу"
электрондық мемлекеттік
қызмет Регламентіне
3-қосымша
Орталық АЖ арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету
кезінде функционалдық іс-қимылының N 2 диаграммасы
Шартты белгілер:
"Қарағанды облысы аумағында
таратылатын шетелдік мерзімді
баспасөз басылымдарын есепке алу"
электрондық мемлекеттік
қызмет Регламентіне
4-қосымша
Электрондық мемлекеттік қызметке
өтініштің экрандық нысаны
____________________________
(өтініш тіркелетін органның
____________________________
атауы және мекенжайы)
Қарағанды облысы аумағында таратылатын
шетелдiк мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу туралы
өтініш
Сізден Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк мерзімді
баспасөз басылымдарын есепке алуды сұраймын.
Таратушының деректері:
_____________________________________________________________________
(ұйымдастыру-құқықтық түрін көрсетумен жеке кәсіпкердің/заңды тұлғаның атауы)
_____________________________________________________________________
(ЖИН/БИН/СТН, тіркелген құжатының нөмірі және берілген күні)
_____________________________________________________________________
(тіркелген орны, нақты мекенжайы, байланыс телефондары, электрондық поштасы)
Р/с |
Шетелдік мерзімді баспасөз басылымдары атауының тізбесі |
Шетелдiк мерзімді баспасөз басылымдарының таралу аумағы |
Таратылатын шетелдiк мерзімді баспасөз басылымдарының тiлi (тілдері) |
Негiзгi тақырыптық бағыттығы |
Мерзімділігі |
Таратылатын даналарының болжамды саны |
1. |
||||||
2. |
Қосымша: 1. __________________
Бірінші басшы/жеке кәсіпкер _______________________
Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба
туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-II ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына
сәйкес қағаз тасылмадағы құжатқа тең.
Данный документ согласно пункту 1 статья 7 N 370 ЗРК от 7 января 2003
года "Об электронном документе и электронной цифровой подписи"
равнозначен документу на бумажном носителе.
Штрих-код "Электрондық әкімдік" ақпараттық жүйесі ұсынған және
электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерін қамтиды
Отдел занятости и социальных программ (АКСУ.Қ)
Штрих-код содержит данные, предоставленные информационной системой
"Электронный акимат" и подписанные электронно-цифровой подписью
Отдел занятости и социальных программ (Г.АКСУ)
"Қарағанды облысы аумағында
таратылатын шетелдік мерзімді
баспасөз басылымдарын есепке алу"
электрондық мемлекеттік
қызмет Регламентіне
5-қосымша
Шығыс құжаттың
нысаны
______________________________
(таратушыға анықтама берілген
жергiлiктi атқарушы органның атауы)
Қарағанды облысы аумағында таратылатын
шетелдiк мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу туралы
анықтама
N _____________
(тiркеу нөмiрi)
Осы анықтама Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат
құралдары туралы" Заңына сәйкес
____________________________________________________________ берілген
(таратушының атауы және оның ұйымдастыру-құқықтық нысаны)
және шетелдiк мерзімді баспасөз басылымдарын 20 __ ж. "__" __________
бастап есепке алынғанын растайды.
Р/с |
Шетелдік мерзімді баспасөз басылымдары атауының тізбесі |
Шетелдiк мерзімді баспасөз басылымдарының таралу аумағы |
Таратылатын шетелдiк мерзімді баспасөз басылымдарының тiлi (тілдері) |
Негiзгi тақырыптық бағыттығы |
Мерзімділігі |
Таратылатын даналарының болжамды саны |
1. |
||||||
2. |
Осы анықтама 20 __ ж."___" ________ дейiн жарамды.
Ішкі саясат басқармасының бастығы ТАӘ
Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба
туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-II ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына
сәйкес қағаз тасылмадағы құжатқа тең.
Данный документ согласно пункту 1 статья 7 N 370 ЗРК от 7 января 2003
года "Об электронном документе и электронной цифровой подписи"
равнозначен документу на бумажном носителе.
Штрих-код "Электрондық әкімдік" ақпараттық жүйесі ұсынған және
электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерін қамтиды
Отдел занятости и социальных программ (АКСУ.Қ)
Штрих-код содержит данные, предоставленные информационной системой
"Электронный акимат" и подписанные электронно-цифровой подписью
Отдел занятости и социальных программ (Г.АКСУ)
Шығыс құжаттың (бас тарту) нысаны
Қарағанды облысы аумағында таратылатын
шетелдiк мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алудан
БАС ТАРТУ
1) ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 29 шілдедегі N 843 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларының 6-тармағында қарастырылған барлық қажетті құжаттар ұсынылмаған;
2) өтініште құжаттардағы ақпарат толық емес немесе сенімді емес көрсетілген;
3) шетелдік мерзімді баспасөз материалдарында конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсiздiгіне нұқсан келтiруге, соғысқа, әлеуметтік, тектiк-топтық, дiни, нәсілдiк, ұлттық және рулық басымдыққа, қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа және порнографияға табынушылыққа үгіттеу немесе насихаттаудың болуы;
4) тұтынушыға қатысты қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салатын сот шешімінің болуы;
5) шетелдік мерзімді баспасөз материалдар өніміне қатысты олардың Қазақстан Республикасының аумағында таралуына тыйым салу туралы сот шешімі бар.
Осыған байланысты шетелдік мерзімді баспасөз материалдарын
Р/с |
Шетелдік мерзімді баспасөз басылымдары атауының тізбесі |
Шетелдiк мерзімді баспасөз басылымдарының таралу аумағы |
Таратылатын шетелдiк мерзімді баспасөз басылымдарының тiлi (тілдері) |
Негiзгi тақырыптық бағыттығы |
Мерзімділігі |
Таратылатын даналарының болжамды саны |
1. |
||||||
2. |
есепке алу мүмкін емес.
Ішкі саясат басқармасының бастығы ТАӘ
МО 20 __ ж. "___"___________
Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба
туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-II ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына
сәйкес қағаз тасылмадағы құжатқа тең.
Данный документ согласно пункту 1 статья 7 N 370 ЗРК от 7 января 2003
года "Об электронном документе и электронной цифровой подписи"
равнозначен документу на бумажном носителе.
Штрих-код "Электрондық әкімдік" ақпараттық жүйесі ұсынған және
электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерін қамтиды
Отдел занятости и социальных программ (АКСУ.Қ)
Штрих-код содержит данные, предоставленные информационной системой
"Электронный акимат" и подписанные электронно-цифровой подписью
Отдел занятости и социальных программ (Г.АКСУ)
"Қарағанды облысы аумағында
таратылатын шетелдік мерзімді
баспасөз басылымдарын есепке алу"
электрондық мемлекеттік
қызмет Регламентіне
6-қосымша
Шығыс нысандарын форматтық-логикалық бақылау және электрондық
мемлекеттік қызмет көрсетуге хабарлама беру ережесі
Өтініш беруші: жеке тұлға (жеке кәсіпкер), заңды тұлға:
N |
Өтініш нысанындағы жол |
Міндетті/міндетті емес |
форматтық-логикалық бақылау мөлшері |
Формат |
1. |
Жеке кәсіпкердің/заңды тұлғаның – таратушының атауы |
Міндетті |
жоқ |
Символдық |
2. |
Ұйымдастыру-құқықтық нысаны |
Міндетті |
жоқ |
Символдық |
3. |
ЖСН/БСН |
Міндетті |
13 |
Сандық |
4. |
Таратушының тіркелген орны |
Міндетті |
жоқ |
Символдық |
5. |
Таратушының нақты мекенжайы |
Міндетті |
жоқ |
Символдық |
6. |
Таратушының телефоны |
Міндетті |
15 |
Сандық |
7. |
Электронды пошта |
Міндетті емес |
жоқ |
Символдық |
8. |
Басшының/жеке кәсіпкердің Т.А.Ә. |
Міндетті |
жоқ |
Символдық |
9. |
Шетелдік мерзімді баспасөз басылымдары атауларының тізімі |
Міндетті |
жоқ |
Символдық |
10. |
Шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарының таралу аумағы |
Міндетті |
жоқ |
Символдық |
11. |
Таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарының тілі (тілдері) |
Міндетті |
жоқ |
Символдық |
12. |
Таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдары негізгі тақырыптық бағыты |
Міндетті |
жоқ |
Символдық |
13. |
Шығу жиілігі |
Міндетті |
жоқ |
Символдық |
14. |
Шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарының таратылатын даналарының болжамды саны |
Міндетті |
6 |
Сандық |
15. |
Күні |
Міндетті |
8 |
Сандық |
"Қарағанды облысы аумағында
таратылатын шетелдік мерзімді
баспасөз басылымдарын есепке алу"
электрондық мемлекеттік
қызмет Регламентіне
7-қосымша
Электрондық мемлекеттiк қызметтерiнiң "сапа" және
"қолжетiмдiлiк" көрсеткiштерiн анықтау үшiн сауалнаманың нысаны
____________________________________________________________
(қызметтің атауы)
1. Электрондық мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнiң сапасына және нәтижесiне қанағаттанасыз ба?
1) қанағаттанған жоқпын;
2) iшiнара қанағаттанамын;
3) қанағаттанамын.
2. Электрондық мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi туралы ақпараттың сапасына қанағаттанасыз ба?
1) қанағаттанған жоқпын;
2) iшiнара канағаттанамын;
3) қанағаттанамын.