Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қосымшаға сәйкес Жезқазған қаласы аумағында салық салу объектісінің бірлігінен алынатын тіркелген салық ставкаларының мөлшері белгіленсін.
2. Жезқазған қалалық мәслихатының "Жезқазған қаласы аумағында салық салу объектісінің бірлігінен алынатын тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 28/334 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-2-134 нөмірімен тіркелген, 2011 жылдың 21 қаңтарындағы N 3 (7701) "Сарыарқа" газетінде және 2011 жылдың 21 қаңтарындағы N 3 (247) "Жезказганская правда" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Филипович С.В. |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | Медебаев С.Т. |
Жезқазған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 19 наурыздағы N 4/27 шешіміне қосымша |
Жезқазған қаласы аумағында айына салық салу объектісінің бірлігінен алынатын тіркелген салық ставкаларының мөлшері
N | Салық салу объектісінің атауы | 1 объектіге тіркелген салық ставкасының мөлшері (айлық есептік көрсеткішпен) |
1. | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 2 |
2. | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 2 |
3. | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 3 |
4. | Ойын жолы | 25 |
5. | Карт | 4 |
6. | Бильярд үстелі | 17 |