Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 26.06.2024 № 98 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Нұра аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 ақпандағы 2 сессиясының "Нұра ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 22 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-14-170 болып тіркелген, "Нұра" газетінің 2012 жылғы 7 сәуірдегі N 14 (5248) санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Нұра ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің 8, 9 тармақтары алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша тұрақты комиссиясына (Н. Сүлейменов) жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Нығметов |
Аудандық мәслихат хатшысының м.а. | Н. Сүлейменов |