Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 26.06.2024 № 98 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес, Нұра аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Нұра ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі бекітілсін.
2. Нұра аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 қазандағы 30 сессиясының N 293 "Нұра ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-14-130 болып тіркелген, "Нұра" газетінің 2010 жылғы 30 қазандағы N 44 (5179) санында жарияланған) шешімін және Нұра аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы 32 сессиясының N 314 "Нұра аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 қазандағы 30 сессиясының "Нұра ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 293 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-14-138, "Нұра" газетінің 2011 жылғы 22 қаңтардағы N 4 (5192) санында жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тұрақты комиссиясына (Н. Сүлейменов) жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н. Сүлейменов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Б. Шайжанов |
2012 жылғы 16 ақпандағы N 22 аудандық мәслихатының шешімімен бекiтiлген |
Нұра ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі
Осы Нұра ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі (әрі қарай - Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес дайындалған және аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындайды.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 28.02.2020 N 430 (алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде келесі ұғымдар пайдаланылады:
1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – тұрғын үй қатынастары туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар тұлғалар;
1-1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) кондоминиум – ғимараттар азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің бөлек (өзіндік) меншігінде бола тұра, жалпы мүлік оларға жалпы үлестік меншік құқығында ғана тиесілі болатын, жылжымайтын мүлікке ерекше меншік нысаны;
3) коммуналдық қызметтер – сумен қамтамасыз етуді, кәрізді, газбен қамтамасыз етуді, электрмен қамтамасыз етуді, жылумен қамтамасыз етуді, қоқыс жоюды, және лифтке қызмет көрсетуді қоса алғанда (соның ішінде қатты отынды тұтыну) тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) көрсетілген қызметтер;
4) кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектілерін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу – ғимараттың (объектінің) негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің өзгертілулеріне байланысы жоқ нақты және сапалық тозуын жою бойынша, қажеттілігі бойынша сындарлы элементтер мен инженерлік жабдықтар жүйелерінің ауыстырылуымен, құрылыстық және ұйымдастырушылық-техникалық шаралар кешені;
6) отбасы – бір мекенжайда бірге тұратын және тіркелген неке, туысқандық, балаларды асырап алу немесе тәрбиеге алудың басқа да түрлерінен шығатын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттермен байланысқан тұлғалар тобы;
7) көпбалалы отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда аз қамтылған отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
8) өтініш беруші – өз атынан немесе отбасы мүшелерінің атынан тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тұлға;
9) тұрғын жайды жалдау (жалға алу) – жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғын жайды немесе оның бір бөлігін ақысын төлетіп тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға беру;
10) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге, кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын, жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар түріндегі үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге жинақталатын ақша;
11) уәкілетті орган – "Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – уәкілетті орган);
12) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – көпбалалы отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне проценттік қатынасы;
13) шот – өтініш беруші тұрғын үй көмегі тағайындалған кезеңде қағаз жеткізгіште немесе қызметтермен жабдықтаушы электрондық жеткізгіште ұсынатын кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді (тұрғын үй – жайды) жалдауға, байланыс қызметтеріне, қатты отын алуға ақы төлеу құжаты.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 29.08.2018 N 274 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.02.2020 N 430 (алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi); 17.05.2021 N 30 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үйде тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
1) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
2) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
3) мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады;.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 17.05.2021 N 30 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.3. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге сонымен қоса, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне ақы төлеу отбасының (адамның) зейнеткерлік жасқа жетпеген мүгедектер (жалғыз тұратын мүгедектер, мүгедектерден тұратын отбасылар, 18 жасқа дейінгі балалары бар мүгедектер, мүгедектер мен олардың күтімімен айналасатын адамдар) жиынтық табысының бес пайызы мөлшерінде белгіленеді, өзге санаттардағы азаматтар үшін көпбалалы отбасының (азаматтың) жиынтық табысының жеті пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 17.05.2021 N 30 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.3-1. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.
Ескерту. Ереже 3-1-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 29.08.2018 N 274 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.3-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
Ескерту. Ереже 3-2-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 29.08.2018 N 274 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Көрсетілетін тұрғын үй көмегінің мөлшерлерін айқындау
4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін келесі тәртіппен көрсетеді:
1) өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданының нормасы отбасының әр мүшесіне тұрғын үй заңнамасымен белгіленген тұрғын үй беру нормасына баламалы және көп бөлмелі пәтерлерде бір адамға 18 шаршы метрді құрайды, бір бөлмелі пәтерде тұратындар үшін – пәтердің жалпы көлемі. Көп бөлмелі пәтерлерде жалғыз тұратын азаматтар үшін ауданның әлеуметтік нормасы 30 шаршы метрді құрайды;
2) коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары:
бір адамға көлемді газ:
қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсына отырып (түбіртектер, анықтамалар), нақты шығындар бойынша, орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз етудің бар немесе жоқ болуына қарамастан, айына 8 килограмнан аспауы тиіс;
қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсына отырып (түбіртектер, анықтамалар) баллон газын нақты шығындар бойынша, бірақ көлемді газды тұтыну бойынша айына бір адамға бекітілген нормативтен артық емес тұтыну (айына 8 килограммнан аспауы тиіс);
қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсына отырып (түбіртектер, жүкқұжаттар, шот-фактуралар) нақты шығындар бойынша қатты отынды пайдалану:
1 шаршы метр алаңды жылытуға (жылыту маусымын есепке алғанда) 1-2 қабатта салынған үйлер үшін 161 килограмм көмір, 3-5 қабатта салынған үйлер үшін 1 шаршы метр алаңды жылытуға (жылыту маусымын есепке алғанда) 98 килограмм көмір;
жылыту маусымының ұзақтығы – 7 ай;
тұрғын үй көмегін есептегенде, статистика органдарының мәліметтері бойынша Нұра ауданында өткен тоқсанда қалыптасқан көмір бағасы қолданылсын;
нақты шығындар бойынша, отбасының электроэнергияны тұтынуы:
газ плиталарымен жабдықталған үйлерде айына 150 киловаттан аспауы керек;
3) cуық суды, кәрізді, ыстық суды, қоқыс төккішті, газды, эксплуатациялық шығындарды тұтыну нормалары басқару нысанына тәуелсіз (пәтер иелерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері басқарудың заңды үлгісін рәсімдегендер) қызмет көрсетуді берушімен немесе тарифтерді бекітетін органмен бекіткен тарифтердің негізінде белгіленеді;
4) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудің түрлеріне ақы төленуі тиіс. Кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудің түрлеріне ақы төлеу кезегі жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісіліп, пәтер иелері жалпы жиналысында анықталады.
5. Кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, отбасы бюджетіндегі тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді пайдалануға, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне белгіленген мөлшерден жоғары шамада ақы төлеу жалпы негізде жүргізіледі.
6. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтері үшін абоненттік төлемақы тарифінің арттырылуының сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте өтелуі тиіс.
3. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
7. Тұрғын үй көмегі уәкілетті органмен, жеке тұлғаларға олардың тіркелген жері бойынша тағайындалады.
8. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 10 сессиясының 2012.08.16 N 107 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.9. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 10 сессиясының 2012.08.16 N 107 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
10. Алкогольге немесе есірткіге тәуелді отбасы мүшелерімен сонымен қоса, 18 жасқа толмаған адамдармен бірге тұратын және пәтерлердің меншік иесі болып табылатын зейнеткерлерге және мүгедектерге, бір бөлмелі немесе көп бөлмелі пәтерде тұратынына қарамастан, бір адамға тұрғын үй ауданының нормасы (18 шаршы метр) және бір адам үшін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері шегінде тұрғын үй көмегі беріледі.
11. Ақпараттық-маркетингтік қызметпен айналысатын және жеке компанияның сауда белгісінің өнімін өткізуде делдалдығын жүзеге асыратын адамдар салық басқармасында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлға ретінде немесе уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелуі тиіс не болмаса негізгі жұмыс орнынан анықтама ұсынуы тиіс.
12. Дау-жанжал туған жағдайда, немесе сәйкес келмейтін, келіспеген жағдайда тұрғын үй көмегін тағайындау мәселесі сот арқылы шешіледі.
13. Тұрғын үй көмегін аса жоғары немесе төмен сомасын тағайындауға әкеліп соқтырған, дұрыс емес ақпарат ұсынған жағдайда, көмекті тағайындау және төлеу оны тағайындау кезеңіне тоқтатылады, ал тұрғын үй көмегі түрінде алынған сомалар ерікті тәртіппен, бас тартқан жағдайда – сот тәртібінде қайтаруға жатады.
4. Тұрғын үй көмегін көрсету мерзімдері және кезеңділігі
14. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап, табыстар жөніндегі мәліметтерді тоқсан сайын ұсынумен бір жылдық мерзімге тағайындалады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 28.02.2020 N 430 (алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.15. Тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтер ақысын төлеуге және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге отбасының шекті жол берілетін шығыстар үлесі, коммуналдық қызметтер тарифтері өзгерген жағдайда, сәйкес өзгерістер енгізілген айдан кейінгі айдан бастап бұрын тағайындалған жәрдемақылар қайта есептеледі.
16. Жәрдемақы алу құқығын анықтау кезінде басқа қалада уақытша тұратындығы тиісті құжатпен куәландырылған отбасының мүшесі есепке алынбайды.
17. Тұрғын үй көмегін алушыларға он күн ішінде өзінің меншікті тұрғын үйі, отбасы құрамы және оның жиынтық табысындағы кез-келген өзгерістер жөнінде уәкілетті органдарға хабарлау қажет.
5. Тұрғын үй көмегін өтіну және есептеу тәртібі
18. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) Қазақстан Республикасы Үкеметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 12.09.2014 N 326 (алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.18-1. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Ескерту. Ереже 18-1-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 29.08.2018 N 274 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.18-2. Осы Ереженің 18-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Ескерту. Ереже 18-2-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 29.08.2018 N 274 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.18-3. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнімен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.
Ескерту. Ереже 18-3-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 29.08.2018 N 274 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.18-4. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.
Ескерту. Ереже 18-4-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 29.08.2018 N 274 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.18-5. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.
Ескерту. Ереже 18-5-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 29.08.2018 N 274 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.18-6. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.
Ескерту. Ереже 18-6-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 29.08.2018 N 274 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.19. Түскен кұжаттарды қарастыру нәтижесінде уәкілетті орган бланкілер үлгісін (2, 3, 4 қосымшалар) толтырады және тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың жеке істері түзіледі. Ай сайын тұрғын үй жәрдемақысы есебін жүргізеді және өтініш иесіне өтініш жасауына қарай беріледі.
20. Тапсырылған құжаттардың дұрыстығына күдік туған жағдайда, уәкілетті орган тұрғын үй көмегін алуға үміткер тұлғаның табыстары жөнінде ақпарат сұратуға құқылы.
21. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күтіп –ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға арналған шығыстарға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 28.02.2020 N 430 (алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.22. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді пайдалануға, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге сонымен қоса, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне іс жүзінде төленетін сомадан артпауы тиіс.
23. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін тұрғын үй көмегін тағайындау кезеңінде коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды қызмет көрсетушілер электрондық тасымалдаушыда немесе жеке тұлғалар қағаз тасымалдаушыларда (шоттар, түбіртектер, хабарламалар, анықтамалар) ұсынады.
6. Тұрғын үй көмегін төлеу
24. Тұрғын үй көмегі ақшалай немесе аударма түрінде беріледі. Аударма түрі – бұл ақша қаражаттарын қызмет көрсетушілердің есепшоттарына, сонымен қоса кондоминиум объектісін басқару органының (ағымдағы, жинақтаушы) шоттарына аудару.
Тұрғын үй көмегін коммуналдық қызметтерді жеткізушінің есептік шотына аударуға мүмкіндік болмаған жағдайда (кәсіпорынның таратылуы, қайта ұйымдастырылуы, банк реквизиттерінің өзгеруі, қатты отынға, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне байланысты ақы төлеу), ол өтініш иесіне қызмет көрсететін басқа жеткізушілердің арасында үлестіріледі немесе ақшалай төленеді. Ақшалай түрі екінші деңгейдегі банктер немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы операцияны жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдары арқылы азаматтардың жеке есепшоттарына аудару жолымен ақшалай төлемдер түрінде белгіленеді. Жеке шоттарға аудару үшін өтініш иесі келесі құжаттарын ұсынуы тиіс, салық төлеушінің тіркеу нөмірі әлеуметтік жеке код, екінші деңгейдегі банкте немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда ашылған жеке шот.
Нұра ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне 1 қосымша |
Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтініш
Өтініш берушіні есепке алғанда, ________ адамнан тұратын менің отбасыма тұрғын үйді ұстауға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтерді пайдалануға, тұрғын үйді жалға алуға (жалға беруге), сондай-ақ телекоммуникация желісінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты жұмсалатын шығындардың орнын толтыру үшін жәрдемақы тағайындауыңызды сұраймын.
Мен және менің отбасымның мүшелері табысы жөніндегі мәліметтерді беруге келісім білдіргеніміздің дәлелі ретінде заңды және жеке тұлғаларға ұсынылуы мүмкін табыстар жөніндегі ақпаратты жариялауға өз рұқсатымызды береміз.
Маған тұрғын үй көмегінің артық немесе заңсыз тағайындалуына әкеліп соқтыратын көрінеу жалған мәліметтерді бергенім үшін көмектің төленуі тоқтатылатыны туралы, ал тұрғын үй көмегі түрінде заңсыз алынған сомалар ерікті түрде қайтарылуы тиіс екендігі, ал бас тартылған жағдайда сот тәртібімен қайтарылатыны ескертілді.
Қажетті құжаттарды қоса ұсынамын.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177 бабының 1 тармағына және 325 бабының 3 тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың дұрыстығына жүктелетін жауапкершілік туралы ескертілдім.
Өтініш берушінің деректері:
Тегі, аты, әкесінің аты _____________________________________________
Жеке куәлік деректері _______________________________________________
(өтініш берушінің туған күні, N және куәліктің берілген уақыты)
СТН _____________________________________
ӘЖК _____________________________________
Отбасының өтініш беру тоқсанының алдындағы тоқсандағы жиынтық табысының орташа айлық мөлшері _____________________________________
Өтініште көрсетілген табыстардан басқа табыстар жоқ.
Тұрғылықты жері _________________ ______________ көшесі
_____ үй ___________ пәтер телефон ______________________
тиістілік _______________________ түрі ___________________
(пәтер иелері кооперативі) (жеке, мемлекеттік)
Жалпы ауданы ______ шаршы метр.
Қосымша аудан _____ шаршы метр.
Бөлме саны ________
Әлеуметтік мәртебе _______________ отбасылық жағдай _________________
Қызмет берушілерге тұрғын үй көмегін аударуға келісім беремін.
Меншігімде бір тұрғын үй бар.
Өтініш берушінің қолы __________________
Күні __________________________________
Нұра ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне 2 қосымша |
Отбасы құрамы мен тұрғын үй алаңының жалпы ауданы туралы анықтама
Азамат (ша) _________________________________________________________
оның: ___________ көшесі (шағынаудан) ________ үй ______ пәтер _________ мекенжайы бойынша тұратындығын растау үшін берілді.
Отбасы құрамы __________________ адам.
Тұратын алаңы __________ шаршы метр.
Пәтерге (үйге) құқығын белгілейтін құжат N ________ _____________
____________________________________________________
Тұрғын үй иесімен бірге келесі адамдар тұрады:
Т.А.Ә. | Туған жылы | Туыстығы | Қай уақыттан бері тұрады |
Анықтама азаматтарды тіркеу кітабының негізінде толтырылды
Маманның қолы ______________________
Қабылдау мерзімі _____________________
Нұра ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне 3 қосымша |
Отбасының барлық мүшелерінің кірістері туралы анықтама
1. Отбасы мүшесінің Т.А.Ә. _______________________________________
Айы | I | II | III | IV | V | VI | VII | VIII | IX | X | XI | XII |
Кірістің түрі | ||||||||||||
Кірістің сомасы |
2. Отбасы мүшесінің Т.А.Ә. _______________________________________
Айы | I | II | III | IV | V | VI | VII | VIII | IX | X | XI | XII |
Кірістің түрі | ||||||||||||
Кірістің сомасы |
3. Отбасы мүшесінің Т.А.Ә. _______________________________________
Айы | I | II | III | IV | V | VI | VII | VIII | IX | X | XI | XII |
Кірістің түрі | ||||||||||||
Кірістің сомасы |
Өтініш берушінің қолы __________________
Күні __________________________________
Нұра ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне 4 қосымша |
20___ жылғы ____________ бойынша тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер төлемдерінің шығындары анықтама
Төлеуші _____________________________________________________________
(пәтер иесінің (жалдаушы) Т.А.Ә.)
Мекенжайы ___________________________________________________________
Жалпы ауданы _______________ шаршы метр.
Бөлме саны _________________
Үйдің жалпы сипаттамасы _____________________________________________
(жалпы немесе балондық газ, ыстық сумен қамтамасыз ету)
Төлем түрлері | Қызмет саны | Жеке шоттың нөмірі |
1. Тұрғын үйді ұстау шығындары (ПИК, ПИТК) | ||
2. Жылыту жүйесі | ||
3. Ыстық су | ||
4. Суық су | ||
5. Кәріз | ||
6. Электр энергиясымен қамтамасыз ету | ||
7. Газ | ||
8. Қоқыс шығару | ||
9. Телефонға абоненттік төлем |
Маманның қолы _____________________________
Қабылданған күні ____________________________