"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Нұра аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Нұра ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі айқындалсын.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Нұра аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұра аудандық мәслихатының төрағасы | К. Жунусбеков |
Нұра аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 маусымдағы № 98 шешіміне 1- қосымша |
Нұра ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Нұра ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындауды "Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелді) (бұдан әрі - Тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары) айқындалған тәртіппен есептейді.
4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға арналған шығыстарды төлеу сомасы арасындағы айырма ретінде және осы мақсаттарға аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің 5 (бес) пайыз мөлшерінде айқындалады.
5. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде пайдалы алаңы бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес мөлшерде, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес алаң нормасы қабылданады.
6. Телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 тіркелді) сәйкес жүзеге асырылады.
7. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не сенімхатқа, заңнамаға, сот шешіміне не әкімшілік актіге негізделген оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына сәйкес құжаттарды ұсына отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына немесе "электрондық үкімет" веб-порталына жүгінеді.
8. Тұрғын үй көмегін тағайындау ағымдағы тоқсан ішінде жүргізіледі, бұл ретте аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы және кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйді пайдалануға жұмсалған ай сайынғы жарналардың шығыстары алдыңғы тоқсан үшін есепке алынады.
9. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау мерзімі не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап бас тарту туралы дәлелді жауап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.
10. Тұрғын үй көмегін жеткізушілер ұсынған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған ай сайынғы жарналар туралы шоттар және аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша көрсетіледі.
11. Тұрғын үй көмегін тағайындау Нұра ауданының бюджетінде тиісті қаржы жылына арналған көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
12. Тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады.
Нұра аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 маусымдағы № 98 шешіміне 2 - қосымша |
Нұра аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдердің тізімі
1. Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2 сессиясының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 22 шешімі "Нұра ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-14-170 болып тіркелген).
2. Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 10 сессиясының 2012 жылғы 16 тамыздағы № 107 шешімі "Нұра аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 ақпандағы 2 сессиясының "Нұра ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 22 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1932 болып тіркелген).
3. Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 12 сессиясының 2012 жылғы 4 қазандағы № 118 шешімі "Нұра аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 ақпандағы 2 сессиясының "Нұра ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 22 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1960 болып тіркелген).
4. Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 қыркүйектегі 30 сессиясының № 326 шешімі "Нұра аудандық мәслихатының 2 сессиясының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 22 "Нұра ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2790 болып тіркелген).
5. Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 тамыздағы XXVII сессиясының № 274 шешімі "Нұра аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 ақпандағы 2 сессиясының "Нұра ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 22 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4934 болып тіркелген).
6. Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 ақпандағы № 430 шешімі "Нұра аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 ақпандағы 2 сессиясының № 22 "Нұра ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5732 болып тіркелген).
7. Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2021 жылғы 17 мамырдағы № 30 шешімі "Нұра аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 ақпандағы 2 сессиясының № 22 "Нұра ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6342 болып тіркелген).