Жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін барлық маршруттар үшін бірыңғай белгiлеу туралы

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 06 сәуірдегі № 3438 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 27 сәуірде № 10-1-210 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 15619 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 25.06.2020 № 15619 қаулысымен (01.09.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 10.06.2016 № 5562 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31-бабының 1-тармағының 9) тармақшасына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476 Заңының 19-бабының 2, 5-тармақтарына сәйкес, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифі барлық маршруттар үшін бірыңғай белгіленсін:

      1) автобус және шағын автобустарда 90 теңге көлемінде;

      2) 6 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға 40 теңге көлемінде.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 13.07.2017 № 8361 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Е. К. Төрәлиевке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімінің
      міндетін атқарушы А. Ақжігітов
      "Келісілді"
      2012 жылғы 29 наурыздағы N 3/2
      Қызылорда қалалық мәслихат
      сессиясының шешімімен
      Қалалық мәслихаттың хатшысы И. Құттықожаев

Об установлении тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском сообщениях единым для всех маршрутов

Постановление акимата города Кызылорда Кызылординской области от 06 апреля 2012 года № 3438. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 27 апреля 2012 года № 10-1-210. Утратило силу постановлением акимата города Кызылорда Кызылординской области от 25 июня 2020 года № 15619

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Кызылорда Кызылординской области от 25.06.2020 № 15619 (вводится в действие с 01.09.2020).
      Сноска. Заголовок - в редакции постановления акимата города Кызылорда Кызылординской области от 10.06.2016 № 5562 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 9) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года N 148 "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан", пунктами 2, 5 статьи 19 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года N 476 "Об автомобильном транспорте", акимат города Кызылорда ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить тариф на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городских сообщениях единым для всех маршрутов:

      1) на автобусах и микроавтобусах в размере 90 тенге;

      2) для детей в возрасте от 6 до 17 лет в размере 40 тенге.

      Сноска. Пукнт 1 - в редакции постановления акимата города Кызылорда Кызылординской области от 13.07.2017 № 8361 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Туралиева Е.К.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий
      обязанности акима города А. Акжигитов
      "Согласовано"
      Решением сессии Кызылординского
      городского маслихата
      от 29 марта 2012 года N 3/2
      Секретарь городского маслихата И. Куттыкожаев