Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 25.06.2020 № 15619 қаулысымен (01.09.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 10.06.2016 № 5562 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31-бабының 1-тармағының 9) тармақшасына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476 Заңының 19-бабының 2, 5-тармақтарына сәйкес, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифі барлық маршруттар үшін бірыңғай белгіленсін:
1) автобус және шағын автобустарда 90 теңге көлемінде;
2) 6 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға 40 теңге көлемінде.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 13.07.2017 № 8361 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Е. К. Төрәлиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімінің | |
міндетін атқарушы | А. Ақжігітов |
"Келісілді" | |
2012 жылғы 29 наурыздағы N 3/2 | |
Қызылорда қалалық мәслихат | |
сессиясының шешімімен | |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | И. Құттықожаев |