Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 25.06.2020 № 15619 қаулысымен (01.09.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
"Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қызылорда қаласында жолаушыларды және багажды тұрақты автомобильмен тасымалдау тарифiн белгiлеу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 06 сәуірдегі № 3438 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №10-1-210 тіркелген, "Кызылорда Таймс" газетінде 2013 жылғы 4 мамырдағы № 18 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін барлық маршруттар үшін бірыңғай белгiлеу туралы";
қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"1. Жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифін барлық маршруттар үшін бірыңғай белгіленсін:
1) автобус және шағын автобустарда 70 теңге көлемінде;
2) 6 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға 30 теңге көлемінде.".
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қаласының әкімі | Н. Нәлібаев |
"КЕЛIСIЛДI" | |
Қызылорда қалалық | |
мәслихатының хатшысы | |
Р. Боханова | |
__________________ | |
"10" маусым 2016 жыл |