Жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 15619 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 маусымда № 7539 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 16879 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 09.12.2020 № 16879 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19-бабына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф келесі мөлшерде белгіленсін:

      жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері арқылы немесе электрондық жол жүру картасы арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде - 90 (тоқсан) теңге;

      жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде - 120 (жүз жиырма) теңге.

      2. Электрондық жолақы төлеу жүйесi жарамсыз болған жағдайда, көлiк карталары арқылы төлемдi жүзеге асыратын жолаушылар тегiн жол жүру құқығына ие болады.

      3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Қызылорда қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қаласының әкімдігі Н. Налибаев
      "КЕЛIСIЛДI"
      "Қызылорда қалалық
      мәслихатының аппараты"
      мемлекеттік мекемесімен

  Қызылорда қаласы әкімдігінің
  2020 жылғы 25 маусымы
  № 15619 қаулысына қосымша

Қызылорда қаласы әкімдігінің күші жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін барлық маршруттар үшін бірыңғай белгiлеу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 3438 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10-1-210 тіркелген, "Кызылорда таймс" газетінде 2013 жылғы 4 мамырда жарияланған).

      2. "Қызылорда қаласында жолаушыларды және багажды тұрақты автомобильмен тасымалдау тарифін белгілеу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 6 сәуірдегі №3438 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 5562 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5542 тіркелген, "Ақмешіт ақшамы" газетінде 2016 жылғы 29 маусымда, "Кызылорда таймс" газетінде 2016 жылғы 29 маусымда, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 7 шілдеде жарияланған).

      3. "Қызылорда қаласында жолаушыларды және багажды тұрақты автомобильмен тасымалдау тарифiн белгiлеу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 3438 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 13 шілдедегі № 8361 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5910 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 1 тамызда жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады