РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы N 251 Кодексінің 21 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Дәрменовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Арал ауданының әкімі | Н. Мұсабаев |