Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 261 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылы 16 қаңтарда № 4400 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 4-қ қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 11.01.2016 № 4-қ қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы N 251 Кодексінің 21 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Дәрменовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Арал ауданының әкімі Н. Мұсабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады