Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 01.10.2018 № 202 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 10 желтоқсандағы N 99-IV Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШЕМІЗ:
1. Қармақшы ауданы бойынша айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшерлері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы аудандық мәслихатының кезектен тыс 5-сессиясының төрағасы |
Н. Пірмантаев |
Қармақшы аудандық мәслихатының хатшысы |
М. Ерманов |
КЕЛІСІЛДІ "Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық комитеті Қызылорда облысы бойынша салық департаментінің Қармақшы ауданы бойынша салық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы П. Якия 2012 жыл________________ |
Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы "27" сәуірдегі кезектен тыс 5-сессиясының N 26 шешіміне қосымша |
Қармақшы ауданы бойынша айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері:
N р/с | Салық салу объектісінің атауы |
Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері |
1 | 2 | 3 |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 2 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 2 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 2 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 5 |