"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына, "Жұмыспен қамту 2020" жол картасын бекіту туралы" 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 22.04.2015 № 116 қаулысымен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жұмыспен қамту 2020" жол картасын іске асыру шеңберінде техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 22.04.2015 № 116 қаулысымен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Маңғыстау облысының қаржы басқармасы (М.Б. Әлібекова) кадрлар даярлауға көзделген қаржыландыру жоспары шегiнде бағдарламаның әкiмшiсi – Маңғыстау облысының бiлiм басқармасын қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
3. Маңғыстау облысының білім басқармасы "Жұмыспен қамту 2020" жол картасын іске асыру шеңберінде техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етсін.
Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 22.04.2015 № 116 қаулысымен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Осы қаулының орындалауын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Қ.Б. Жұмашевқа жүктелсiн.
5. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Облыс әкiмi | Б. Мұхаметжанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Маңғыстау облысы білім
басқармасының бастығы
Д.Н. Жұмашева
04 мамыр 2012 жыл
Маңғыстау облысы
жұмыспен қамтуды үйлестіру
және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының бастығы
Г.М. Қалмұратова
04 мамыр 2012 жыл
Маңғыстау облысы
кәсіпкерлік және өнеркәсіп
басқармасының бастығы
Л.О. Олжабаева
04 мамыр 2012 жыл
Маңғыстау облысы қаржы
басқармасының бастығы
М.Б. Әлібекова
04 мамыр 2012 жыл
Маңғыстау облысы экономика
және бюджеттік жоспарлау
басқармасының бастығы
Ш.Л. Ілмұханбетова
04 мамыр 2012 жыл
Маңғыстау облысы әкімдігінің 04 мамыр 2012 жылғы № 82 қаулысымен бекітілген |
"Жұмыспен қамту 2020" жол картасын іске асыру шеңберінде техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 22.04.2015 № 116 қаулысымен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).№ | Кәсіп пен мамандықтың коды мен атауы | Оқушылар саны | Базалық білімі | Оқыту тілі | Оқу мерзімі |
1. "Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі" МКҚК | |||||
| 0105000 Бастауыш білім беру: 010501 3 Бастауыш білім беру мұғалімі | 25 | 11 сынып | қазақ-ша | 2 ж. 10 ай |
Жиыны: | 25 | | | | |
2. "Маңғыстау политехникалық колледжі" МКҚК | |||||
| 1114000 Пісіру ісі (түрлері бойынша): 111406 3 Техник-механик | 25 | 11 сынып | қазақ-ша | 2 ж. 6 ай |
Жиыны: | 25 | | | | |
3. "Каспий" педагогика және салалық технологиялар колледжі" ЖШС | |||||
| 010100 0 Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу: 010101 3 Мектепке дейінгі ұжымдардың тәрбиешісі | 25 | 11 сынып | қазақ-ша | 2 ж. 10 ай |
| Жиыны: | 25 | | | |
4. "Қазақстандық қазіргі заман "Болашақ" академиясының колледжі" мекемесі | |||||
| 1107000 Көтергіш көлік, құрылыс жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану (салалар бойынша): 110704 3 Техник-механик | 25 | 11 сынып | қазақ-ша | 2 ж. 6 ай |
Жиыны: | 25 | | | | |
5. "М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Ақтау көлік колледжі" ЖШС | |||||
| 1202000 Жолаушылар мен жүкті тасымалдауды ұйымдастыру (салалар бойынша): 120206 3 Техник | 25 | 11 сынып | қазақ-ша | 2 ж. 10 ай |
| Жиыны: | 25 | | | |
6. "Меирбике" медициналық колледжі" мекемесі | |||||
| 0302000 Медбикелік іс: 030203 3 Жалпы практикадағы медбикесі | 25 | 11 сынып | қазақ-ша | 2 ж. 10 ай |
Жиыны: | 25 | | | | |
Облыс бойынша: | 150 | | | |
Ескертпелер: аббревиатуралардың толық жазылуы:
МКҚК - Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
ЖШС - Жауапкершілігі шектеулі серіктестік