Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 116 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 мамырда № 2726 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін – өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізілсін.
      2. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (З.Ж. Тастемирова) осы қаулының «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет – ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Облыс әкімі                             А. Айдарбаев

 
 
      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Маңғыстау облысының
      білім басқармасы»
      мемлекеттік мекемесі басшысының
      міндетін атқарушы
      З.Ж. Тастемирова
      22 сәуір 2015 жыл

      «Маңғыстау облысының
      денсаулық сақтау басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Р.Ф. Бектубаев
      22 сәуір 2015 жыл

      «Маңғыстау облысының
      жұмыспен қамтуды үйлестіру
      және әлеуметтік бағдарламалар
      басқармасы» мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      Г.М. Қалмұратова
      22 сәуір 2015 жыл

      «Маңғыстау облысының
      кәсіпкерлік және сауда басқармасы»
      мемлекеттік мекемесі
      басшысының міндетін атқарушы
      В.Т. Мұстапаева
      22 сәуір 2015 жыл

      «Маңғыстау облысының
      қаржы басқармасы» мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      М.Б. Әлібекова
      22 сәуір 2015 жыл

      «Маңғыстау облысының
      экономика және бюджеттік жоспарлау
      басқармасы» мемлекеттік мекемесі
      басшысының міндетін атқарушы
      И:Ы. Құрман
      22 сәуір 2015 жыл

Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 22 сәуір
№ 116 қаулысына
қосымша

Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына енгізілетін өзгерістер

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 172 «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру шеңберінде техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2011 – 2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2099 болып тіркелген, 2011 жылғы 16 маусымда «Маңғыстау» газетінде жарияланған):
      көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын және «Жұмыспен қамту 2020» жол картасын іске асыру шеңберінде техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2011-2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы»;
      көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және «Жұмыспен қамту 2020» жол картасын бекіту туралы» 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      көрсетілген қаулының 13-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасын және «Жұмыспен қамту 2020» жол картасын іске асыру шеңберінде техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2011-2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.»;
      «3. Маңғыстау облысының білім басқармасы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын және «Жұмыспен қамту 2020» жол картасын іске асыру шеңберінде техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2011-2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етсін.»;
      көрсетілген қаулының қосымшасында:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын және «Жұмыспен қамту 2020» жол картасын іске асыру шеңберінде техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2011-2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы».
      2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 4 мамырдағы № 82 «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру шеңберінде техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2132 болып тіркелген, 2012 жылғы 16 маусымда «Маңғыстау» газетінде жарияланған):
      көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жұмыспен қамту 2020» жол картасын іске асыру шеңберінде техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы»;
      көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына, «Жұмыспен қамту 2020» жол картасын бекіту туралы» 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      көрсетілген қаулының 13-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. «Жұмыспен қамту 2020» жол картасын іске асыру шеңберінде техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.»;
      «3. Маңғыстау облысының білім басқармасы «Жұмыспен қамту 2020» жол картасын іске асыру шеңберінде техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етсін.»;
      көрсетілген қаулының қосымшасында:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жұмыспен қамту 2020» жол картасын іске асыру шеңберінде техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы».
      3. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 27 мамырдағы № 153 «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру шеңберінде техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2013-2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу № 2254 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 шілдеде «Маңғыстау» газетінде жарияланған):
      көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жұмыспен қамту 2020» жол картасын іске асыру шеңберінде техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2013-2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы»;
      көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      көрсетілген қаулының 134-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. «Жұмыспен қамту 2020» жол картасын іске асыру шеңберінде техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2013-2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.»;
      «3. Маңғыстау облысының білім басқармасы:
      «Жұмыспен қамту 2020» жол картасын іске асыру шеңберінде техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2013-2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етсін;
      осы қаулының «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет – ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      4. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Г.М. Қалмұратова) «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының қатысушыларын техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарына оқытуға жіберуді және мамандардың оқуы аяқталған соң, кейіннен оларды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етсін.»;
      көрсетілген қаулының қосымшасында:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жұмыспен қамту 2020» жол картасын іске асыру шеңберінде техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2013-2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы».

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады