Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 11.03.2016 № 38/383 шешімімен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10 бабына сәйкес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауiпсiздiктi, сондай-ақ көлiктiң, инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында, Ақтау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес анықталсын.
Ескертпе. 1-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 17.03.2014 № 18/178.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың депутаттар өкілеттігі және әдеп, заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін ( Ы.Көшербай ).
3. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Қалалық мәслихаттың хатшысы |
Б.БоранбаевМ. Молдағұлов |
Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 19 шілдедегі № 4/46 шешіміне қосымша |
Ақтау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер,
пикеттер, шерулер және демонстрациялар
өткізу орындары
Ескертпе. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 17.03.2014 № 18/178.№ р/р | Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді, шерулерді және демонстрацияларды өткізу орындары |
1 | Төртінші және бесінші шағын аудандар арасында, Тарас Шевченконың ескерткіші артында орналасқан саябағы |
2 | Бесінші шағын ауданында орналасқан М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармонияның акт залы |