Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 19 шілдедегі № 4/46 "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 17 наурыздағы № 18/178 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 сәуірде № 2393 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 11 наурыздағы № 38/383 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 11.03.2016 № 38/383 шешімімен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
       "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 10 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2013 жылғы 6 маусымдағы № 02-17-4922 ұсынысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 19 шілдедегі № 4/46 "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-181 болып тіркелген, 2012 жылғы 25 тамыздағы № 145 "Маңғыстау" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      тақырып келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Ақтау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы";
       1 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында, Ақтау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес анықталсын".
      2. Ақтау қалалық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Телегенова) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың депутаттар өкілеттігі және әдеп, заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ы.Көшербай) жүктелсін.
      4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы,
мәслихат хатшысы
М. Молдағұлов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақтау қалалық ішкі саясат бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Б.Кенжалиев
      2014 жыл 17 наурыз

  Қалалық мәслихаттың
2014 жылғы 17 наурыздағы
№ 18/178 шешіміне қосымша

Ақтау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер,
пикеттер, шерулер және демонстрациялар
өткізу орындары

№ р/р
Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді, шерулерді және демонстрацияларды өткізу орындары
1
Төртінші және бесінші шағын аудандар арасында, Тарас Шевченконың ескерткіші артында орналасқан саябағы
2
Бесінші шағын ауданында орналасқан М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармонияның акт залы

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады