Қалалық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 11 наурыздағы № 38/383 шешімі

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және Ақтау қаласы прокуратурасының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 2-110107-15-00311, 2015 жылғы 4 мамырдағы № 2-110107-15-04835 наразылықтарына және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2015 жылғы 13 қазандағы № 10-11-3741 ұсынысына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1.Осы шешімнің қосымшасына сәйкес қалалық мәслихаттың шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2.Ақтау қаласының әкімдігіне осы шешіммен көрсетілген мәселелерге қатысты, Қазақстан Республикасының қолданысындағы заңнамаларына сәйкес, жаңадан нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу ұсынылсын.
      3.Осы шешімнің көшірмелері Маңғыстау облысының әділет департаментіне және бұқаралық ақпарат құралдарына жолдансын.
      4.Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы С.Зәкенов
      
      Қалалық мәслихат
      хатшысы М.Молдағұлов
      

  Ақтау қалалық мәслихатының 2016
жылғы 11 наурыздағы №38/383
шешіміне қосымша

Күші жойылды деп танылған мәслихат шешімдерінің тізбесі

      1.Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 19 шілдедегі № 4/46 "Ақтау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-181 болып тіркелген, 2012 жылғы 25 тамыздағы № 145 "Манғыстау" газетінде жарияланған);
      2.Қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 17 наурыздағы № 18/178 "Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 19 шілдедегі № 4/46 ""Ақтау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2393 болып тіркелген, 2014 жылы 18 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 22 сәуірде № 66-68 "Манғыстау" газетінде жарияланған);
      3. Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 26 наурыздағы № 10/113 "Ақтау қаласының білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілері үшін қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2242 болып тіркелген, 2013 жылғы 4 мамырдағы № 75 "Маңғыстау" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады