Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2012.19.12 № 112 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. "Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" мәслихаттың 2011 жылғы 28 қазандағы № 497 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-15-160 тіркелген, 2011 жылғы 1 желтоқсандағы "Меңдіқара үні" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағының 3), 4) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
"3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай, бір жолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай, бір жолғы, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы М. Гизбрехт
Аудандық
мәслихаттың хатшысы В. Леонов
КЕЛІСІЛДІ:
"Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
__________________ С. Плотникова
"Меңдіқара ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
__________________ Г. Айсенова