Мәслихаттың 2011 жылғы 28 қазандағы № 497 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 36 шешімі. Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 24 сәуірде № 9-15-173 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 112 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2012.19.12 № 112 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. "Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" мәслихаттың 2011 жылғы 28 қазандағы № 497 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-15-160 тіркелген, 2011 жылғы 1 желтоқсандағы "Меңдіқара үні" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 1-тармағының 3), 4) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
      "3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай, бір жолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай, бір жолғы, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                            М. Гизбрехт

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        В. Леонов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      __________________ С. Плотникова

      "Меңдіқара ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      __________________ Г. Айсенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады