Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 180 "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қыркүйектегі № 416 қаулысы. Қостанай облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 25 қазанда № 3855 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 2 қыркүйектегі № 357 қаулысымен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 02.09.2013 № 357 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттарды ресiмдеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Таран ауданы әкімдігінің "Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы" 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 180 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-166 тіркелген, 2012 жылғы 17 мамырда "Маяк" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Тоқсан сайын әрбір балаға сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек көрсетілсін.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады.

Аудан әкімі

Б. Өтеулин

КЕЛІСІЛДІ:


"Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен


қамту және әлеуметтік бағдарламалар


бөлімі" ММ бастығының міндетін


атқарушы


________________ Г. Филиппова



О внесении изменения в постановление акимата района от 16 апреля 2012 года № 180 "О материальном обеспечении детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому"

Постановление акимата Тарановского района Костанайской области от 27 сентября 2012 года № 416. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 25 октября 2012 года № 3855. Утратило силу постановлением акимата Тарановского района Костанайской области от 2 сентября 2013 года № 357

      Примечание РЦПИ.
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.
      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Тарановского района Костанайской области от 02.09.2013 № 357.

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Стандартом оказания государственной услуги "Оформление документов для материального обеспечения детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому", утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года № 394 акимат Тарановского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Тарановского района от 16 апреля 2012 года № 180 "О материальном обеспечении детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 9-18-166, опубликовано 17 мая 2012 года в газете "Маяк") следующее изменение:

      пункт 1 указанного постановления изложить в следующей редакции:

      "1. Оказать социальную помощь для материального обеспечения детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому, в размере восьми месячных расчетных показателей на каждого ребенка ежеквартально.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяет свое действие на отношения, возникшие с 1 января 2012 года.

Аким района

Б. Утеулин

СОГЛАСОВАНО:


Исполняющий обязанности


начальника ГУ "Отдел занятости


и социальных программ акимата


Тарановского района"


_______________ Г. Филиппова