Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 180 қаулысы. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 10 мамырда № 9-18-166 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 2 қыркүйектегі № 357 қаулысымен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 02.09.2013 № 357 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттарды ресiмдеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тоқсан сайын әрбір балаға сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2012.09.27 № 416 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады) шешімімен.
      2. "Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмек түрлерін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып тағайындалсын.
      3. Әлеуметтік көмек тиісті оқу жылы ішінде төленеді деп белгіленсін.
      4. Әлеуметтік көмекті төлеу әлеуметтік көмек алушының банк шотына ақшалай қаражатты екінші деңгейдегі банктер немесе тиісті банктік операциялары түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы аудару жолымен іске асырылады.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады.

      Аудан әкімі                                А. Бондаренко

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Таран ауданы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" ММ бастығы
      _____________________ Л. Өтешева

      "Таран ауданы әкімдігінің
      экономика және қаржы бөлімі"
      ММ бастығы
      _________________ В. Ересько

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады