РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 02.09.2013 № 357 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттарды ресiмдеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Таран ауданы әкімдігінің "Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы" 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 180 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-166 тіркелген, 2012 жылғы 17 мамырда "Маяк" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"1. Тоқсан сайын әрбір балаға сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек көрсетілсін.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады.
Аудан әкімі | Б. Өтеулин |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен | |
қамту және әлеуметтік бағдарламалар | |
бөлімі" ММ бастығының міндетін | |
атқарушы | |
________________ Г. Филиппова |