Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектеріне жұмыс орындарын квоталау туралы

Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 26 сәуірдегі N 148/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 18 мамырда N 12-7-139 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 03 қыркүйектегі N 410/5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 03.09.2013 N 410/5 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 7-бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының жалпы санынан бес пайыз мөлшерінде жекеменшік түрлеріне қарамастан келісім бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға сонымен бірге, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектеріне Ертіс ауданының кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2012.08.27 N 425/4 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Жұмыс берушілерге тиісті жолдамаларды беру жолымен қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектерін квоталанатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
      3. Ертіс ауданының әкімдігінің 2011 жылдың 15 тамыздағы N 360/5 "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектеріне жұмыс орындарын квоталау туралы" қаулының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Т. Тілеуоваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы рет ресми түрде жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б. Ағжанов

О квотировании рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций

Постановление акимата Иртышского района Павлодарской области от 26 апреля 2012 года N 148/1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 18 мая 2012 года N 12-7-139. Утратило силу постановлением акимата Иртышского района Павлодарской области от 03 сентября 2013 года N 410/5

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Иртышского района Павлодарской области от 03.09.2013 N 410/5.

      В соответствии с подпунктом 7) статьи 18 Трудового кодекса Республики Казахстан от 15 мая 2007 года, подпунктом 13) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктами 5-5) и 5-6) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", акимат Иртышского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций на предприятиях, учреждениях и в организациях Иртышского района независимо от форм собственности в размере пяти процентов от общей численности рабочих мест.
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлением акимата Иртышского района Павлодарской области от 27.08.2012 N 425/4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Иртышского района" обеспечить содействие в трудоустройстве лицам, состоящим на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, освобожденным из мест лишения свободы и несовершеннолетним выпускникам интернатных организаций на квотируемые рабочие места путем выдачи соответствующих направлений работодателям.
      3. Постановление акимата Иртышского района от 15 августа 2011 года N 360/5 "О квотировании рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций" признать утратившим силу.
      4. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима района Тлеуову А.Т.
      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после  дня его первого официального опубликования.

      Аким района                                Б. Агжанов