Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектеріне жұмыс орындарын квоталау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 15 тамыздағы N 360/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 01 қыркүйекте N 12-7-125 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 26 сәуірдегі N 148/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2012.04.26 N 148/1 қаулысымен (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 18-бабының 7)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5)5-6)  тармақшаларына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде жекеменшік түрлеріне қарамастан (келісім бойынша) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектеріне кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда жұмыс орындарының үлесі белгіленсін.
      2. Жұмыс берушілерге тиісті жолдамаларды беру жолымен бас  бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектерін квоталанатын орындарына жұмысқа орналастыруға "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы рет ресми түрде жариялған кейін он күнтізбелік күні өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т.Тілеуоваға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                В. Левченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады