Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 03.09.2013 N 410/5 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ертіс ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 сәуірдегі N 148/1 "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға,бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектеріне жұмыс орындарын квоталау туралы" қаулысына (2012 жылы 18 мамырда нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде N 12-2-139 тіркелген,2012 жылы 31 мамырда N 51 "Ертіс нұры", N 51 "Иртыш" газеттерінде жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармақтағы "бір пайыз" сөздері "бес пайыз" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Т. Тілеуоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы рет ресми түрде жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің
міндетін атқарушы Қ. Қозыбаев