Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 03.09.2013 N 410/5 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 7-бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс орындарының жалпы санынан бес пайыз мөлшерінде жекеменшік түрлеріне қарамастан келісім бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға сонымен бірге, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектеріне Ертіс ауданының кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2012.08.27 N 425/4 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Жұмыс берушілерге тиісті жолдамаларды беру жолымен қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектерін квоталанатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
3. Ертіс ауданының әкімдігінің 2011 жылдың 15 тамыздағы N 360/5 "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектеріне жұмыс орындарын квоталау туралы" қаулының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Т. Тілеуоваға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы рет ресми түрде жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Ағжанов