Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 23.01.2014 N 26/157 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 56-бабының 1-тармағы 4) тармақшасына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті төлеу және тағайындау» мемлекеттік қызмет Стандартының 11-тармағына сәйкес аудандық мәслихатШЕШТІ:
1. Есіл ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне моншалар, шаштараздар қызметтерін төлеуге қаражат бөлу ретінде ай сайын 400 теңге мөлшерінде;
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне; жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген басқа адамдар санаттарына тіс протездеуіне төлеу үшін ұсынылған шот-фактураға сәйкес (бағалы металлдардан, металлокерамикалық протездерден басқа) кемінде жылына бір рет;
3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне; жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген басқа адамдар санаттарына; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған және «Ардақты ана» атағын алдында алғандарға, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана
(ЕАМ) (ЖҚӘББ) (ЭБЖБ)
даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға; Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған Кеңес Одағының Батырларына; Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек даңқы кавалерлеріне; 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-дағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылардың қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аударғандарға (өз еркімен кеткендерге); бірінші, екінші, үшінші топтардың мүгедектеріне, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен тұлғаларға санаториялық-курорттық емделулеріне жолдама құны мөлшерінде кемінде жылына бір рет;
4) туберкулезбен ауыратын азаматтарға амбулаторлық емделу кезінде қосымша тамақтануға ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 28.03.2013 N 14/80 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Келесі белгіленсін:
1) моншалар мен шаштараздарға барғандары үшін ай сайынғы әлеуметтік көмек өтініш берілген айдан бастап тағайындалады және өтініш берушінің қайтыс болуына немесе оның ауданнан тыс кетуіне байланысты тоқтатылады. Төлем аталған оқиғалар болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне рұқсатнамасы бар медициналық ұйыммен жүзеге асырылатын тіс протездеу құны мөлшерінде (бағалы металлдардан, металлокерамикалық протездерден басқа) аудан бюджетімен қарастырылған қаражаттар шегінде кемінде жылына бір рет тіс протездеуге әлеуметтік көмек тағайындалады;
3) жергілікті бюджеттен әлеуметтік төлемдер екінші деңгейдегі банктер немесе тиісті банкілік операцияларға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің рұқсатнамалары бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының жеке шотына ақша қаражаттарын аудару жолымен жүзеге асырылады.
3. «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» 451 007 000 бағдарламасы бойынша қаржылық жылда осы мақсаттарға қарастырылған жергілікті бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге шығыстардың қаржыландырылуы жүргізілсін.
4. Есіл ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі белгіленсін.
5. «Есіл ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2010 жылғы 31 наурыздағы № 27/170 аудандық мәслихаттың шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13-6-143 2010 жылдың 22 сәуірінде тіркелген, 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 20 (205) «Есіл таңы», 2010 жылғы 30 мамырдағы № 21 (8485) «Ишим» аудандық газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Есіл аудандық мәслихаттың
кезекті сессиясының төрағасы Д. Қалиев
Есіл аудандық мәслихаттың
хатшысы Т. Мұқашев
КЕЛІСІЛДІ: 2012 жылғы 30 шілде
«Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Т. Бұжұқаев
«Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бастығы Г. Стороженко
Аудандық мәслихаттың
2012 жылғы 30 шілдедегі
№ 8/37 шешіміне қосымша
Есіл ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттар тізбесі
1. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттар:әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұлғаның өтініші (одан әрі өтініш иесі);
өтініш иесінің жеке басын кәуландыратын құжаттың көшірмесі;
Ұлы Отан соғысына қатысушы, мүгедегі немесе оларға теңестірілген тұлғалардың, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған және «Ардақты ана» атағын алдында алғандарға, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға кәулігінің көшірмесі;
белсенді туберкулезбен ауыратындарды қосымша тамақтандыру арқылы әлеуметтік көмек көрсетілгенде, өтініш беруші амбулаториялық емделуде тұрғандығы туралы аумақтық медициналық мекемеден анықтама;
«Бұқаралық саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақталған тұлғаның құжатының көшірмесі;
өтініш иесінің жеке шотының көшірмесі;
салық төлеуші нөмірінің көшірмесі;
мүгедектің тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
әлеуметтік көмек көрсетілгенде мүгедектерге санаторлық-курорттық емделуге мүгедектігі туралы анықтамасының көшірмесі мен санаторлық-курорттық картасы;
әлеуметтік көмек көрсетілгенде тіс протездеуге және санаторлық-курорттық емдеуге көрсетілген қызметтердің құны туралы медициналық мекеменің шот фактурасы;
арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушының мәртебесін растайтыны туралы зейнетақы төлеу бойынша Мемлекеттік орталықтан анықтама.
2. Құжаттар толық қабылданған күні құжаттардың түпнұсқасы салыстырылып тексерілгеннен кейін өтініш иесіне қайтарылады, ал құжаттардың көшірмесі куәландырылып, іске түзіледі.