Есіл ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы N 27/170 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 22 сәуірде N 13-6-143 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 шілдедегі N 8/37 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012.07.30 N 8/37 Шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік Кодексінің 56-бабының 1-тармағы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабының 1-тармағы 15) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңының 20-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Есіл ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне моншалар, шаштараздар қызметтерін төлеуге қаражат бөлу ретінде ай сайын 400 теңге мөлшерінде;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне; жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген басқа адамдар санаттарына тіс протездеуіне төлеу үшін ұсынылған шот-фактураның құны мөлшерінде (бағалы металлдардан, металлокерамикалық протездерден басқа) жылына бір рет;
      3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне; жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген басқа адамдар санаттарына; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған және «Ардақты ана» атағын алдында алғандарға, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға; Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға; Кеңес Одағының Батырларына; Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек даңқы кавалерлеріне; 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-дағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылардың қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аударғандарға (өз еркімен кеткендерге); бірінші, екінші, үшінші топтардың мүгедектеріне, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен тұлғаларға санаториялық-курорттық емделулеріне жолдама құны мөлшерінде;
      4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен соғыс мүгедектеріне; жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген басқа адамдар санаттарына «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған және «Ардақты ана» атағын алдында алғандарға, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға; Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға; Кеңес Одағының Батырларына; Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек даңқы кавалерлеріне; 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-дағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылардың қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аударғандарға (өз еркімен кеткендерге); бірінші, екінші, үшінші топтардың мүгедектеріне, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен тұлғаларға экскурсиялық авиатурларға жолдама құны мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Келесі белгіленсін:
      1) моншалар мен шаштараздарға барғандары үшін ай сайынғы әлеуметтік көмек өтініш берілген айдан бастап тағайындалады және өтініш берушінің қайтыс болуына немесе оның ауданнан тыс кетуіне байланысты тоқтатылады. Төлем аталған оқиғалар болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне рұқсатнамасы бар медициналық ұйыммен жүзеге асырылатын тіс протездеу құны мөлшерінде (бағалы металлдардан, металлокерамикалық протездерден басқа) аудан бюджетімен қарастырылған қаражаттар шегінде жылына бір рет тіс протездеуге әлеуметтік көмек көрсету;
      3) жергілікті бюджеттен әлеуметтік төлемдер екінші деңгейдегі банктер немесе тиісті банкілік операцияларға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің рұқсатнамалары бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының жеке шотына ақша қаражаттарын аудару жолымен жүзеге асырылады.
      3. «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» 451 007 000 бағдарламасы бойынша қаржылық жылда осы мақсаттарға қарастырылған жергілікті бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге шығыстардың қаржыландырылуы жүргізілсін.
      4. Осы шешім 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалыптасқан қарым-қатынастарға қолданылады.
      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Есіл аудандық мәслихаттың
      кезекті сессиясының төрағасы               В. Бондарев
      (ЕАМ)

      Есіл аудандық мәслихатының
      хатшысы                                    Б. Шериязданов
      (ЕАМ)

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Есіл ауданының жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Ө. Жүсіпов
      (ЖҚӘББ)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады