"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса берілген Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданы мәслихатының 2012 жылғы 30 шілдедегі № 8/37 "Есіл ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 22 тамызда № 13-6-196 тіркелген, аудандық "Есіл таңы" газетінде 2012 жылғы 5 қазанда, "Ишим" газетінде 2012 жылғы 7 қыркүйекте жарияланған).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты сессиясының төрайымы |
Ғ. Аманжолова |
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының хатшысы |
Т. Мұқашев |
КЕЛІСІЛДІ Солтүстік Қазақстан облысының әкімі |
С. Ескендіров |
23 қаңтар 2014 жыл | |
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 23 қаңтардағы № 26/157 шешімімен бекітілді |
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары туралы
1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағида) әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.1. Жалпы ережелер
2. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:1) атаулы күндер - жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) өмірлік қиын жағдай - азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
7) уәкілетті орган – "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
8) уәкілетті ұйым - "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
9) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін селолық округ әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
10) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
3. Осы қағидалар әрдайым Есіл ауданы аумағында тұратын тұлғаларға таратылады.
4. Осы қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігімен Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің, сондай-ақ көмек алушылар санаттарының әлеуметтік көмек еселігі мен мөлшері осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес белгіленеді. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек, осы Қағиданың 1-қосымшасында көрсетілген санаттарының бірімен көрсетіледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 25.09.2014 N 36/233 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
8. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін және табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін осы қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес Есіл ауданы әкімдігімен белгіленеді және Есіл аудандық маслихатының шешімімен бекітіледі.Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихатымен белгіленетін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
4) әлеуметтік мәні бар аурулар (туберкулез) амбулаторлық ем алу кезінде, табысты есепке алмағанда;
5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың өзге де санаттарына, сондай-ақ Семей ядролық полигоны аймағында зардап шеккен тұлғаларға Қазақстан Республикасы аумағында темір жолмен (плацкарт вагоны), жолаушылар тасымалдайтын автомобиль көлігімен (таксиден басқа) көрсетілген көлік түрімен жүру станциясынан госпитальға дейін және кері қайту жолы, табысты есепке алмағанда;
6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне санаторлы-курорттық емделу қажеттілігі, табысты есепке алмағанда;
7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың өзге де санаттарына тіс протездеу (қымбат металдардан және металлокерамика, металлоакрилл протездерінен басқа), табысты есепке алмағанда;
8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу, табысты есепке алмағанда.
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 23.12.2014 N 39/239 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
9. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе селолық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
12. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе селолық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
14. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Ереженің 4, 5 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе селолық округ әкіміне жібереді.
Селолық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
15. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
16. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
17. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе селолық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
18. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
19. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 17 және 18-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе селолық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
20. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
21. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
22. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
23. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
24. Әлеуметтік көмек:1) алушы қайтыс болған;
2) алушы Есіл ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
25. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ереже
26. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 1-қосымша |
Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ алушылардың санаттары шегінде әлеуметтік көмектің еселігі және мөлшері
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 23.12.2014 N 39/239 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 2-қосымша |
Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті шамасы, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 23.12.2014 N 39/239 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 3-қосымша |
Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер
______________________________ ______________________________
(Өтініш берушінің Т.А.Ә.) (үйінің мекенжайы, тел.)
Р/с № | Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә. | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Туған жылы |
| | | |
| | | |
| | | |
Өтініш берушінің қолы __________________ Күні ______________
Отбасының құрамы туралы
мәліметтерді куәландыруға уәкілетті
органның лауазымды адамының Т.А.Ә. _____________________
(қолы)
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 4-қосымша |
Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ
20__ж. "___" _____________ _________________
(елді мекен)
2. Тұратын мекенжайы ____________________________________
_______________________________________________________________
3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған өмірлік қиын жағдай___________________________________________________
____________________________________________________________
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ______ адам, оның ішінде:
Р/с № | Т.А.Ә. | Туған күні | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны) | Жұмыспен қамтылмау себебі | Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер | Өмірлік қиын жағдай |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
Еңбекке жарамды барлығы ________________________________ адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ____ адам.
Балалардың саны: ______________________________________ жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар____ адам, оқу құны жылына ______ теңге.
Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше - көрсету керек):
____________________________________________________________________
Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:
_____________________________________________________________________
______________________________________________________________
__________________________________________________________________
Отбасының табысы:
Р/с № | Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә. | Табыс түрі | Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) | Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер | |
тоқсанға | орта есеппен айына | ||||
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
6. Мыналардың:
автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
____________________________________________________________________________________________________________________________________ қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) ________________
______________________________________________________________
_______________________________________________________________
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
______________________________________________________________
8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі ____
10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы
__________________________________________________________________
Комиссия төрағасы:
__________________ ________________________
Комиссия мүшелері:
________________________ ________________________
________________________ ________________________
________________________ ________________________
________________________ ________________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Жасалған актімен таныстым: _________________________________
Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы
Тексеру жүргізілуден бас тартамын ______________________ өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні
_______________________________________________________________
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 5-қосымша |
Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы
20__ ж. ___ ______
_______________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде
______________________________________________________________
(қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады
Комиссия төрағасы: __________________ _______________________
Комиссия мүшелері: __________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Қорытынды қоса берілген құжаттармен ___ данада
20__ ж. "___" ___________ қабылданды
Құжаттарды қабылдаған селолық округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы __________________________