"Есіл ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" Есіл ауданы мәслихатының 2012 жылғы 30 шілдедегі N 8/37 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы N 14/80 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 30 сәуірде N 2260 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы N 29/171 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 27.03.2014 N 29/171 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Есіл ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» Есіл ауданы мәслихатының 2012 жылғы 30 шілдедегі № 8/37 (Мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2012 жылғы 22 тамыздағы № 13-6-196 тіркелген, 2012 жылғы 28 тамыздағы № 36(331) «Есіл таңы» газетінде, 2012 жылғы 7 қыркүйектегі № 40(8619) «Ишим» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      1 тармақтың 4) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
      «4) туберкулезбен ауыратын азаматтарға амбулаторлық емделу кезінде қосымша тамақтануға ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде.»
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының
      Есіл ауданы мәслихатының
      сессия төрағасы                            Н. Плетнев

      Солтүстік Қазақстан облысының
      Есіл ауданы мәслихатының хатшысы           Т. Мұқашев

      «КЕЛІСІЛДІ» 2013 жылғы 28 наурыз

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Есіл ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы    Т. Бұжұқаев

      «Есіл ауданының экономика және
      бюджеттік жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Г. Стороженко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады