Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 17.04.2019 № 49/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 29.03.2013 N 12/6 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса берілген Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 29.03.2013 N 12/6 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мамлют аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 6/1 шешімімен бекітілген |
Мамлют ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидасы
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 27.01.2017 № 12/3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы қағидалар
1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Мамлют ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) төлемдер үшін ұсынылады:
1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну төлемін;
3) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органмен жалға алынған тұрғын үйді пайдалануға төлем.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
2. Мамлют ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін берудің шарттары мен тәртібі
2. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі – Мамлют ауданның тұрғындары үшін тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған меншік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсу бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуы отбасының (азаматтың) барлық орта айлық жиынтық кірісіне 10 пайыз мөлшерде белгіленеді.
3. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі анықталды.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 12.05.2017 № 15/7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).4. Жеке меншігінде бір бірліктен артық баспанасы (пәтерлер, үйлер) бар немесе тұрғын үй бөлмелерін немесе көлік құралдарын жалға беретін тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
5. Компенсациялық шаралармен қамтылатын тұрғын үй-жайдың ауданы бір адамға 18 шаршы метр, жалғызілікті азаматтарға 30 шаршы метрден кем емес мөлшерде қабылданады.
6. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі – өтініш беруші) тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (қызмет алушының жеке басын идентификациялау үшін ұсынылады);
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
3) мекенжай анықтамасы немесе өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;
4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттардың көшірмелерін және түпнұсқасын табыстайды. Өкілетті органның жауапты адамы құжаттардың түпнұскаларын көшірмелерімен салыстырғаннан кейін тұтынушыға сол арада қайтарады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді- Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 12.05.2017 № 15/7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).7. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Көмекті тағайындау үшін құжаттар ағымдағы тоқсанның соңғы айының 25 күніне дейін қабылданады.
Ұсынылған құжаттарды қарастыру нәтижесі бойынша уәкілетті орган құжаттарды тапсыру сәтінен он күнтізбелік күн ағымында тұрғын үй көмегін тағайындау немесе бас барту туралы мәлімдеме қабылдайды.
8. Коммуналдық қызметтерді тұтыну тарифы мен нормасын жабдықтаушылар ұсынады.
9. Егер де телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісі өзгерсе ертеде тағайындалған көмекке қайта есептеу жасалады.
3. Тұрғын үй көмегін алушы үміткер отбасының (азаматтың) кіріс жиынтығын есептеу
10. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеуі, тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша өкілетті органмен, өтініш берген тоқсан алдындағы тоқсанның жиынтық табысы Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7412 тіркелді) № 471 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
4. Тұрғын үй көмегін төлеу
11. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру аудан бюджетінде сәйкес қаржылық жылға қарастырылған қаражат бөлігінде жүзеге асырылады.
12. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейлі банктер арқылы алушыларға есептелген сомаларды дербес шоттарына аудару арқылы жүзеге асырады.