Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі N 6/1 "Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің ережесі туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы N 12/6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 8 мамырда N 2272 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 49/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 17.04.2019 № 49/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйегіндегі № 6/1 "Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің ережесі туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 1908 болып тіркелген, 2012 жылдың 9 қарашасында "Знамя труда" газетінде, 2012 жылдың 23 қарашасында "Солтүстік жұлдызы" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      нұсқалған шешімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы";

      нұсқалған шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса берілген Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы бекітілсін.".

      нұсқалған шешіммен бекітілген Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің ережесінде:

      тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы";

      5-тармақ келесі мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар колданылатын түбіртек-шот.".

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Мамлют аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы А. Токарев
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Мамлют аудандық мәслихат
      хатшысының міндетін атқарушы Д. Могунова
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданының
      жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы В. Артимович
      "Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданының
      тұрғын үй коммуналдық
шаруашылығы, жолаушылар
      көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Қ. Әмірин
      "Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданының
      экономика және қаржы бөлімі"
      мемлекеттiк мекемесi
бастығының м.а.
А. Яковенко


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады